
Ү.ж. 4 маусымда Белградта Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Ғабит Сыздықбеков қазақ-серб іскерлік ынтымақтастығын дамыту мүмкіндіктеріне арналған кездесу өткізді. Іс-шараға жалпы капитализациясы 600 млн еуродан асатын бірқатар ірі серб компанияларының басшылары мен өкілдері қатысты.
Елші Ғ.Сыздықбеков кездесуге қатысушыларға Қазақстандағы инвестициялық ахуал және бизнес жүргізу мүмкіндіктері туралы айтып берді.
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның Еуропадағы өкілі Айнұр Тұмышева бизнесмендерді мемлекеттік қолдау шараларымен, шетелдік инвесторлар үшін қолданылатын жеңілдіктер мен преференциялармен таныстырды. Бизнесті жүргізу және өндірісті оқшаулау орны ретінде Қазақстанның тартымдылығына ерекше назар аударылды.
Өз кезегінде, сербиялық кәсіпкерлер телекоммуникация, машина жасау және АӨК саласындағы жобаларды іске асыру бойынша бірқатар бастамаларды атап өтті.
Пікір алмасу барысында кездесуге қатысушылар Қазақстанда нақты инвестициялық жобаларды іске асыру және ынтымақтастық мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі талқылады.