
Ү.ж. 13 мамырда Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Ғабит Сыздықбеков ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы Сербия Республикасы Халықтық Скупщинасы делегациясының депутаттарымен кездесу өткізді.
Әңгімелесу барысында тараптар екі ел арасындағы дәстүрлі достық және сенімді сипаттағы екіжақты қарым-қатынастардың ағымдағы жай-күйін, сондай-ақ ынтымақтастықты нығайтудың әлеуеті мен перспективаларын, оның ішінде парламентаралық өзара іс-қимылды және Қазақстан мен Сербияның заң шығару органдарында құрылған достық топтарының қызметін жандандыру арқылы байланыстырды белсендендіру мәселелерін талқылады.
Елші Қазақстанның екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ұмтылысын атап өтті.
Парламентаралық диалогты нығайту тақырыбын сөз ете отырып, Ғ.Сыздықбеков пен ЕҚЫҰ ПА-дағы Сербия Парламенті делегациясының басшысы В. Маркович өзара іс-қимылды жандандыруға және жақын арада екі ел парламенттері депутаттарының кездесулерін онлайн форматта өткізуге, бұдан әрі парламентаралық достық топтары депутаттарының өзара сапарларын ұйымдастыруға екі жақтың дайын екендіктерін білдірді.
Тараптар сондай-ақ ЕҚЫҰ ПА алаңындағы екі елдің ынтымақтасу мәселелерін талқылады.
Қазақстан Елшісі парламентарийлердің назарын Қазақстан мен Сербияның экономикалық ынтымақтастығының мүмкіндіктері мен әлеуетіне аударды.