
Қазақстан Елшісі Ғабит Сыздықбеков ү.ж. 12 мамырда Сербиямен инновациялық саладағы ынтымақтастық әлеуетін зерделеу бойынша Елшіліктің қызметі шеңберінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы жетекші инститтутың бірі сербиялық «Mihajlo Pupin» ғылыми-зерттеу институтына барды.
Қазақстан Елшісі институттың бас директоры профессор Саня Вранешпен кездесу өткізіп, оның барысында Оңтүстік Шығыс Еуропа аумағындағы осы ірі және көне ғылыми-зерттеу мекемесінің қызметімен танысты.
Келіссөздер барысында Қазақстанның Елшісі Ғ.Сыздықбеков пен ғылыми ұйымның басшысы С.Вранеш электрондық үкімет, қауіпсіздік, энергияны басқару, телекоммуникация және ақпаратты қорғау, технологиялар трансферті және т.б. бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қоюға қызығушылық танытты.