«"KazAID" қазақстандық халықаралық даму агенттігі" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 861 қаулысы
«Дамуға ресми көмек туралы» 2014 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "KazAID" қазақстандық халықаралық даму агенттігі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) құрылсын.
- Қоғам дамуға ресми көмек саласындағы оператор ретінде айқындасын, оның негізгі қызмет түрі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген дамуға ресми көмек көрсетуге жәрдемдесу болып табылады.
- Қоғамның жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) теңгеріміндегі республикалық мүліктің акцияларын төлеуге беру есебінен қалыптастырылсын.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Министрлікпен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) қоғам жарғысын бекітуді;
2) мемлекеттік тіркеу үшін қоғамның атынан құжаттарға қол қоюға, қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және қоғам органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында оның мүддесін білдіруге уәкілетті тұлғаны сайлауды;
3) қоғамды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
4) Министрлікке қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын беруді;
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|
А.Мамин
|