Қазақстан Республикасының Сербиядағы Елшісі қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорынына іссапармен барды

Қазақстан Республикасының Сербиядағы Елшісі қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорынына іссапармен барды

Ү.ж. 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Сербиядағы Елшісі Ғ.Сыздыкбеков бастаған қазақстандық делегация сербиялық «Kompanija «Sloboda» A.D. Čačak» («Слобода Чачак») қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорынына іссапармен барды. Делегация құрамына ҚР Елшілігінің  дипломаттары мен Қазақстаннан іссапармен келген қорғаныс саласында коммерциялық қызмет атқаруға лицензиясы бар «Ronex Security Company» компаниясының өкілдері кірді.

Сербиялық «Слобода Чачак» кәсіпорыны 1948 жылы құрылған және өз саласындағы ірі кешен болып табылады. Қазіргі уақытта оның өнімдері дүние жүзінде өтімді. Жұмыскерлер саны 2 мың адамнан асады. 1990-шы жылдары (Югославияның ыдырауы кезеңінде) өнім көлемі айтарлықтай қысқарды. Алайда соңғы жылдары кәсіпорын қайтадан қалпына келтіріліп, жаңартылды. Бұның басым бөлігі өз қаражаты есебінен іске асырылды.

Қазіргі таңдағы Қазақстанның кәсіби армияны дамыту, құқықтық тәртіп қорғауды қамтамасыз ету жүйесін күшейту және төтенше жағдайларға әрекет ету саясаты тұрғысынан тиісті техникалық әлеуетті күшейту сұранысқа ие болып табылады.

Кездесу барысында «Слобода Чачак» басшылығы таныстырған кәсіпорынның өндірістік әлеуеті отандық қорғаныс және құқық қорғау ведомстволары, сондай-ақ Қазақстанның әскери құрамалары үшін қызығушылық тудыруы мүмкін.

Тараптар өзара байланысты жалғастырып, ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде уағдаласты