
Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Ғабит Сыздықбеков ү.ж. 14 желтоқсанда Сербия Республикасы Премьер-министрінің орынбасарыМәдениет және ақпарат министрі Майя Гойкович ханыммен кездесті
Қазақстан дипломаты Гойковичке жаңа жауапты лауазымға тағайындалуына орай қызметіне табыс тілей отырып, еліміздің Мәдениет және ақпарат министрі А.Райымқұлованың атынан құттықтау хатты табыс етті
Қазақстан Елшісі екі мемлекет арасындағы достық және сенімді қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті.
Сербия Министрі әлемге әйгілі философ, «екінші ұстаз» Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150-жылдығы мен халқымыздың ағартушы ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойлары туралы хабардар болды. Елші сондай-ақ Сербияда тұратын қазақ диаспорасы құраған «Достық» серб-қазақ мәдени орталығы туралы тілге тиек етіп, ең таяу уақытта осы Орталық екі ел арасындағы мәдениет аясындағы екіжақты байланыстарды дамытуға үлес қосарына зор үміт артатынын жеткізді.
Кездесу барысында 2021 жылы екі елде мәдениет маусымдарын ұйымдастыру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.
Тараптар сонымен қатар екі мемлекет жетекші ақпараттық басылымдарының желісі арқылы ынтымақтасу мен медиа саласындағы өзара іс-қимылы мәселесін де сөз етті.
Жылы ахуалда өткен жүздесу нәтижесінде Сербия Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Қазақстанның Елшісін жобаланған іс-шаралардың жоспарлы түрде өтуіне серб тарапы барынша қажетті қолдауын көрсетеді деп сендірді.