Қазақстандық іскерлік делегацияның Сербияға сапары туралы

Қазақстандық іскерлік делегацияның Сербияға сапары туралы

Ү.ж. 1-7 қараша аралығында қазақстандық компаниялар өкілдерінің Сербияға сапары орын алды.

Іс-шара сербиялық іскер қауымдастықпен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ отандық бизнесті дамыту мақсатында тікелей байланыстар орнатуға бағытталды.

Делегация мүшелері сербиялық «Термовент», «TimCop», «Unipromet», «Atenic Commerce», «IVA28», «BUCK», «Ska Industrial Group DOO» компанияларының және Сербиядағы металлургия секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі «Vojvodina Metal Cluster (VMC)» бизнес қауымдастығының  жұмыстарымен танысты.

Сонымен қатар, Сербияның Сауда-өнеркәсіп палатасында өткен Қазақстан-сербия экономикалық форумы аясында ынтымақтастық орнатуға мүдделі топтармен екіжақты кездесулер ұйымдастырылды.

Қазақстандық компаниялардың сапары екі ел бизнес қауымдастығының өзара тығыз серіктестік байланыстарын орнатып, ілгерілетуге орасан мүмкіндіктер туғызды.