Белград қаласында отандастармен кездесу өтті

Белград қаласында отандастармен кездесу өтті

Ү.ж. 9 қазанда Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігінде Сербиядағы қазақстандық диаспорамен кездесу өтті.

Іс-шара Сербияда тұрып жатқан отандастарымызбен байланыстарды нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Кездесуге қатысушылар Отанымыздағы маңызды оқиғалар және Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастық жөніндегі ақпаратпен танысты.

Диаспора өкілдері Қазақстан Республикасының Сербияда Елшілік ашылғанын үлкен қуанышпен қабылдағандарын ыстық ықыласпен атап өтті.

Іс-шарада Белградта екі ел халықтары арасындағы достық байланыстарды дамытуға ықпал ететін «Достық» қазақ-серб мәдени орталығын құру туралы жарияланды.