Меню

Страницы

Статья

Сауда-экономикалық қатынастар

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша, 2019 жылғы қаңтар-қазан аралығында екіжақты сауда көлемі 17,16 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 2,53 млн доллар, импорт – 14,63 млн. доллар (жыл нәтижелері бойынша көрсеткіштің жалпы төмендеуі 30% шамасында болжануда).

2018 жылғы екіжақты тауар айналымы 28,6 млн АҚШ долларын, 2017 жылы – 42 млн АҚШ долларын, 2016 жылы – 26,4 млн АҚШ долларын, 2015 жылы – 55,8 млн АҚШ долларын, 2014 – 20 млн АҚШ долларын құрады.

Экспорт құрылымында тамақ өнеркәсібі өнімдері, ауыр машина жасау өнімдері, шикізат, ал импорт құрылымында тамақ өнеркәсібі, ағаш өңдеу және құрылыс өнімдері басым түседі.

ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2005 жылдан 2019 жылдың II тоқсанына дейін Сербиядан Қазақстанға тартылған тікелей инвестициялардың жалпы көлемі (-) 3,5 млн АҚШ долларын құрады (төмендеу үрдісі Сербия инвесторларының қатысуы бар қазақстандық кәсіпорындардың шығынына байланысты орын алды).

Аталған мерзімде Қазақстаннан Сербияға жасалған тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 15,2 млн АҚШ долларын құрады.

2019 жылғы 1 қыркүйектегі ахуал бойынша Қазақстанда серб қаржысының қатысуымен 33 компания тіркелді, олар негізінен көтерме және бөлшек сауда, тұрғын және тұрғын емес ғимараттар салу салаларында қызмет атқаруда.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты үкіметаралық комиссия (1-ші отырыс 2016 ж. 22-23 тамызда Белградта, 2-ші отырыс 2018 ж. 8 қазанда Нұр-Султан қаласында өтті) және Қазақстан-Сербия Іскерлік кеңесі құрылды.

 

 

Дата публикации
29 марта 2020
Дата обновления
29 марта 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

05 июня 2025
Памятка для граждан РК, выезжающих за рубеж
Пайдалы ақпарат
04 апреля 2025
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау
Пайдалы ақпарат
04 апреля 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары