|
Визалық сұрақтар:
|
- Қазақстан мен Сербия арасында визасыз режим қолданылады.
- ҚР азаматтары үшін болу мерзімі мемлекеттік шекарадан өткен сәттен бастап "30" күнтізбелік күнді,
- " 180"күнтізбелік күн ішінде жиынтық
" 90 " күнтізбелік күнді құрайды. Қазақстан Республикасының жарамды жол жүру құжаттары: Ұлттық, дипломатиялық және қызметтік паспорт болып табылады.
|
|
Паспорттың жарамдылығы:
|
- Паспорттың жарамдылық мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек..
|
|
Кедендік бақылау:
|
- Әкетуге және әкелуге тыйым салынады
Жануарлардан алынатын өнімдер (ет, сүт, балық, бал, жұмыртқа);
Тиісті министрліктің рұқсатынсыз атыс қаруы, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар;
Тарихи құнды заттар. Оларды әкету тиісті рұқсат алғаннан кейін ғана мүмкін болады;
Есірткі заттары, медициналық препараттар;
Қарақшылық бағдарламалар, дискілер, жалған тауарлар.
|
|
Медициналық сақтандыру:
|
- Медициналық сақтандыру полисін сатып алуы сапар кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыруға және сақтандыру жағдайы басталған кезде күтпеген медициналық шығындардан аулақ болуға мүмкіндік береді.
|
|
Эпидемиялық ахуал:
|
- Сербияға кірген кезде Қазақстан азаматтары үшін міндетті егулер талап етілмейді, бірақ стандартты вакцинациялардың өзектілігіне көз жеткізу ұсынылады.
|
|
Қалыптасқан тәртіп нормалары:
|
- Сербияда болған кезде Сізге оның заңдары қолданылады, сіз оны қатаң сақтауға міндеттісіз, болу елінің заңдарын білмеу Сізді жауапкершіліктен босатпайды.
- Жалпы қабылданған этика мен мораль нормаларын ұстаныңыз, мінез-құлқыңызды қоршаған ортаға сәйкес реттеңіз, жергілікті әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтаңыз.
- Серб тіліндегі негізгі сөздерді білу сіздің елде болуыңызды жеңілдетеді, сонымен қатар, жергілікті тұрғындар тарапынан қолдау табылады.
- Ел туралы қосымша ақпаратпен танысыңыз: саяси жағдай, климаттық жағдайлар, заңдар мен ұлттық дәстүрлер, қоғамдық және басқа жерлерде мінез-құлық ерекшеліктері.
|
|
Пайдалы ақпарат:
|
- Мобильді карталарды алдын ала орнату – Google maps. SIM картасын сатып алу немесе роумингті қосу қажеттілігі.
|
|
Шетелге оқуға, жұмысқа немесе тұрақты тұруға барған жағдайда
|
- Құжаттарыңызды алдын ала заңдастыру немесе апостиль қою керек. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАТ органдары берген куәліктерге, мүліктік қатынастарға және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне қатысты құжаттарға қатысты.
|
|
Консулдық есеп туралы:
|
- Оқу, жұмыс немесе тұрақты тұру мақсатында шет мемлекетке келген қазақстандық азаматтарға жақын жердегі қазақстандық дипломатиялық өкілдікте немесе консулдық мекемеде консулдық есепке тұру ұсынылады.
- Консулдық есепке қою Қазақстанға бармай-ақ көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді (сайлау мен референдумдарға қатысу, паспортты ресімдеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және т.б.), сондай-ақ болу мемлекетінде әскери іс-қимылдар, жаппай тәртіпсіздіктер, дүлей зілзалалар туындаған жағдайда сіздің эвакуацияңызды жеңілдетеді.
|
|
Құқық қорғау органдарымен ұсталған жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз:
|
- Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (жергілікті құқық қорғау органдарының ұстауы, басқа адамдар тарапынан қорқыту, жол-көлік оқиғалары және т.б.) Сіз болу мемлекетінде қазақстандық консулдық мекеменің қызметкерімен кездесуді талап етуге құқығыңыз бар.
- ҚР консулдық мекемесінің қызметкерлері болмаған кезде шет тілінде қандай да бір Хаттамаларға және өзге де құжаттарға қол қоймаңыз.
|