Құрметті достар!
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі қазақ диаспорасына арналған «Қазақ тілі» әмбебап оқулығын әзірлегенін хабарлаймыз.
Аталған басылым «Абай институтының» Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін үйрету және ілгерілету онлайн платформасында орналастырылған – https://abai.institute .
Бұл портал – еліміздің азаматтарына, шетелдегі қазақ диаспорасына және шетел азаматтарына қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін насихаттауға мүмкіндік беретін бірегей жоба.
Осы ретте, «Abai.institute» порталы «Android» және «IOS» қолдайтын мобильді қосымшада қолжетімді екендігіне назар аударамыз.
Портал қазақ, орыс, ағылшын, түрік, неміс, француз және парсы тілдерінде ұсынылған.