Меню

Страницы

Статья

Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығысыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, ҚР азаматтары болып табылатын ҚР аумағынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдіктерді есепке алу

"Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу" мемлекеттік қызметін алу үшін әрбір сұралатын құжат үшін келесі құжаттарды ұсына отырып, Елшіліктің консулдық бөліміне жеке жүгіну керек:

  1. "Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/262 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13958 болып тіркелген) бекітілген осы Қағидаларға 1-қосымшаға (жүктеу) сәйкес нысан бойынша "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті аккредиттеген бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қолдаухаты. 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында қол қойылған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны (бұдан әрі - Ковенция) ратификациялаған мемлекеттерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар және Конвенцияны ратификациялаған шетелдіктер үшін осы мемлекеттегі қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын атқаратын органдарының қолдаухатын ұсыну қажет; 
  2. Қағидалардағы 2-қосымшаға (жүктеу) сәйкес нысан бойынша фотосуреті бар толтырылған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi толтырылған есепке алу карточкасы;
  3. Оларды тіркеу туралы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні мен орны, төлқұжат нөмірі, кім және қашан бергені туралы жазбаша өтініш (еркін түрде);
  4. Қағидалардағы 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жетім баланы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған жағдайда он сегіз жасқа толғанға дейін оның тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы туралы есептерді асырап алу агенттіктері немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне ұсыну бойынша өзіне міндеттеме жүктеу туралы нотариалды куәландырылған, сондай-ақ заңдастырылған немесе апостильденген өтініш-келісім (жүктеу).
  5. Есепке алу анықтамасы (жүктеу).

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: жеке тұлға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - 3 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жетім баланы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға тілек білдірген / тілейтін / тұлға ретінде тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Елшіліктің консулдық алымдарды төлеуге арналған банктік реквизиттері

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес консулдық алымдардың төленген сомалары қайтарылмайды.

Құжаттарды қабылдау 09:30-дан 12:30-ға дейін, құжаттарды беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбі мен жұмаға арылығында (сәрсенбі және демалыс күндерін, сондай-ақ мерекелік күндерді қоспағанда) 16:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Елшілігінде алдын ала жазылусыз, жеделдетілген қызмет көрсетусіз және кезекпен көрсетіледі. 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері (жүктеу).

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актімен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз.  

Дата публикации
08 февраля 2023
Дата обновления
04 апреля 2025
Тип
Полезная информация

Сейчас читают

05 июня 2025
Памятка для граждан РК, выезжающих за рубеж
Полезная информация
03 апреля 2025
Определение принадлежности к гражданству Республики Казахстан
Полезная информация
03 апреля 2025
Совершение нотариальных действий

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Instagram

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных