"Шетелде әкелікті (аналықты) анықтауды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін алу үшін әрбір сұралатын құжат үшін келесі құжаттарды ұсына отырып, Елшіліктің консулдық бөліміне жеке жүгінуіңіз керек:
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: жеке тұлға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - 5 жұмыс күні, егер қосымша зерттеу немесе тексеру қажет болса, қызметтерді көрсету мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: шетелде әке болуды (ана болуды) анықтау туралы куәлік беру.
Елшіліктің консулдық алымдарды төлеуге арналған банктік реквизиттері
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес консулдық алымдардың төленген сомалары қайтарылмайды.
Құжаттарды қабылдау 09:30-дан 12:30-ға дейін, құжаттарды беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбі мен жұмаға арылығында (сәрсенбі және демалыс күндерін, сондай-ақ мерекелік күндерді қоспағанда) 16:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Елшілігінде алдын ала жазылусыз, жеделдетілген қызмет көрсетусіз және кезекпен көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері (жүктеу).
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актімен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз.