"Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін алу үшін әрбір сұралатын құжат үшін келесі құжаттарды ұсына отырып, Елшіліктің консулдық бөліміне жеке жүгінуіңіз керек:
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: жеке тұлға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - 5 жұмыс күні, егер қосымша зерттеу немесе тексеру қажет болса, қызметтерді көрсету мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
Елшіліктің консулдық алымдарды төлеуге арналған банктік реквизиттері
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес консулдық алымдардың төленген сомалары қайтарылмайды.
Құжаттарды қабылдау 09:30-дан 12:30-ға дейін, құжаттарды беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбі мен жұмаға арылығында (сәрсенбі және демалыс күндерін, сондай-ақ мерекелік күндерді қоспағанда) 16:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Елшілігінде алдын ала жазылусыз, жеделдетілген қызмет көрсетусіз және кезекпен көрсетіледі. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ интернет-ресурсы арқылы алуға болады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері (жүктеу)
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актімен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз.