Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою

"Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою" мемлекеттік қызметін алу үшін әрбір сұралатын құжат үшін келесі құжаттарды ұсына отырып, Елшіліктің консулдық бөліміне жеке жүгінуіңіз керек:

  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу үшін:
  1. Еркін нысандағы өтініш;
  2. Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. «Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға кету үшін құжаттарды рәсімдеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы №361 қаулысына сәйкес берілген Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға кетуге рұқсаттың көшірмесі;
  4. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын ҚР азаматтарының толтырылған тіркеу картасы (жүктеу)
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу үшін:
  1. Еркін нысандағы өтініш;
  2. Жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Қазақстан Республикасынан   тыс жерлерде уақытшы тұратын ҚР азаматтарының толтырылған тіркеу картасы (жүктеу)

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап - 2 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: есепке қою.

Елшіліктің консулдық алымдарды төлеуге арналған банктік реквизиттері 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес консулдық алымдардың төленген сомалары қайтарылмайды.

Құжаттарды қабылдау 09:30-дан 12:30-ға дейін, құжаттарды беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбі мен жұмаға арылығында (сәрсенбі және демалыс күндерін, сондай-ақ мерекелік күндерді  қоспағанда) 16:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Елшілігінде алдын ала жазылусыз, жеделдетілген қызмет көрсетусіз және кезекпен көрсетіледі. 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері (жүктеу).

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актімен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз. 

Дата публикации
05 февраля 2023
Дата обновления
05 февраля 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

05 июня 2025
Памятка для граждан РК, выезжающих за рубеж
Пайдалы ақпарат
04 апреля 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу
Пайдалы ақпарат
04 апреля 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары