Меню

Страницы

Статья

Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері

Қазақстан Республикасының (бұдан әрі - ҚР) визалық тәртібі, сондай-ақ ҚР визасын беру тәртібі мен ережелері миграция саласындағы келесі нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі: 

  1. ҚР "Халықтың көші-қоны туралы" Заңы;
  2. "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" ҚР Үкіметінің қаулысы;
  3. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы Бірлескен бұйрығы.

ҚР басқа мемлекеттермен визалық тәртібі туралы ақпарат.

ҚР аумағынан тыс жерлерде қазақстандық визаларды беру ҚР шетелдегі мекемелеріндегі уәкілетті қызметкерлермен жүзеге асырылады. 

Қазақстан Республикасының визаларын беру ережелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасына келу мақсатына байланысты визалардың келесі санаттары бар (визаға арналған формуляр):

  • дипломатиялық және қызметтік (А1, А2, А3, А4);
  • инвесторлық (А5);
  • іскерлік (В1, В2, В3);
  • оқу іс-тәжірибесі мен тағылымдамадан өтуге арналған (В7);
  • ҚР-да тұрақты тұруға арналған (В8) (уақытша тоқтатылған) ;
  • жеке (В10, С10);
  • отбасымен қауышу (С2);
  • жұмыс (ақылы жұмыс) (С3);
  • миссионерлік (С7);
  • білім алу (С9).

Қазақстан Республикасының визалары құжаттардың толық пакетін ұсынған кезде беріледі.

Қазақстан Республикасының визалары санаттарының толық тізімімен жоғарыда аталған ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен бұйрығында таныса аласыз.

Маңызды! Қазақстан Республикасының визаларын беру ережелеріне сәйкес, экономикалық дамыған, саяси және миграциялық тұрақты мемлекеттердің (тізім) азаматтарына «A3», «B1», «B3», «B10» және «B12» санаттарындағы визалар шақырусыз беріледі.

Назар аударыңыз: пошта арқылы құжаттар мен визалық өтініштердің формаларын жібермеулеріңізді сұраймыз. Пошта арқылы жіберілген құжаттар өңделмейді. Қазақстан Республикасының Елшілігі құжаттардың пошта арқылы жоғалуына жауап бермейді! Құжаттарыңызды жеке өздеріңіз немесе туристік фирма арқылы тапсыруларыңызды сұраймыз.

Консулдық мекеме өтініш берушілерден қосымша құжаттар ұсынуды талап етуге құқылы.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: жеке тұлғалар құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап - құжаттар топтамасы көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап - 5 жұмыс күніне дейін. 

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: Қазақстан Республикасына келу визасы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жауап.

Елшіліктің консулдық алымдарды төлеуге арналған банктік реквизиттері 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес консулдық алымдардың төленген сомалары қайтарылмайды.

Құжаттарды қабылдау 09:00-ден 12:00-ге дейін, құжаттарды беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбі мен жұмаға арылығында (сәрсенбі және демалыс күндерін, сондай-ақ мерекелік күндерді қоспағанда) 16:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Дата публикации
01 января 2023
Дата обновления
24 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

05 июня 2025
Памятка для граждан РК, выезжающих за рубеж
Пайдалы ақпарат
04 апреля 2025
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау
Пайдалы ақпарат
04 апреля 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары