Меню

Страницы

Статья

ЭЫДҰ АХҚО-ның салық режимінің жаһандық стандарттарына сәйкестігін хабарлады

Экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымы (ЭЫДҰ) өзі жариялаған есебінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) салық режимінің салық ашықтығының жаһандық стандарттарына сәйкестігін хабарлады. Бұл АХҚО-ның салықтық ашықтық бойынша ғаламдық талаптарға сай екендігін аңғартады.

ОЭСР мәліметтеріне қарағанда, пайданы салықтан жалтарту және ішкі салықтық базаны көрсетпеу жолындағы әрекеттердің  (Base Erosion and Profit Shifting, или «BEPS») кесірінен әлем елдері жылына 100–240 миллиард АҚШ долларынан қағылады, ал бұл дегеніңіз корпорациялардың табыстан алынатын салығының әлемдік табысының 4–10%-на тең. Бұл – елдердің  салық жүйелері арасындағы сәйкессіздік пен ақтаңдақтарды теріс пайдаланудың  кесірі.

Осы мәселелерді шешу үшін 2016 жылы ОЭСР G20 елдерімен бірлесе отырып, пайданы салықтан жалтарту және ішкі салықтық базаны көрсетпеу жолындағы әрекеттермен күресу үшін Инклюзивтік бағдарлама дайындады.

Қазіргі күні Бағдарлама аясында 135 ел мен арнайы құзыретке ие орталықтар  салық төлеуден жалтарумен күресте 15 іс-шараны жүргізіп отыр. Бұл іс-шаралар халықаралық салық ережелері арасындағы ымыраны арттыруға, барынша ашық салық жүйе жасауға, және экономиканы цифрландыру кезінде кезігетін салықтық мәселелерді шешуге бағытталған.

ОЭСР Қазақстанның (BEPS) талаптарына сай болуы үшін АХҚО-ға «экономикалық қатысу» енгізуге ұсыным жасады. Осыған орай  АХҚО қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесе отырып,  корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын төлеу бойынша салықтық жеңілдіктерді қолданатын АХҚО қатысушыларының қатысы туралы Ережелер қабылдаған. Ережелерге сәйкес, корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын төлеу бойынша жеңілдіктердің әсерін көріп отырған АХҚО қатысушылары өздерінің АХҚО-да қатысушы екенін растаулары тиіс. Ол үшін қатысушылар өз іс-әрекеттері арқылы АХҚО-ға табыс әкелетін қызмет түрлеріне қатысты талаптардың орындалуын, сондай-ақ келтірілген шығындар мен жұмылдырылған штаттық қызметкерлердің саны қызмет көлеміне сәйкес болуын растаулары қажет.

Дата публикации
11 ноября 2022
Дата обновления
11 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

05 июня 2025
Памятка для граждан РК, выезжающих за рубеж
Пайдалы ақпарат
04 апреля 2025
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау
Пайдалы ақпарат
04 апреля 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу

Социальные медиа

Twitter
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары