![]() |
Қазақстан Республикасының Белград қаласындағы Консулы: ҚАБАШЕВА Қымбат Думанқызы Байланыс нөмірлері: Жұмыс тел.: +381 11 402 44 54 Ұялы тел.: +381 63 888 93 73 (тек төтенше жағдайларда) E-mail: consul.belgrade@mfa.kz |
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары бекіткен ҚР қолданыстағы нормативтік актілеріне, Қазақстан Республикасының Консулдық Жарғысына және Қазақстан Республикасы 1993 жылдың көктемінде қосылған 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясына сәйкес ҚР азаматтары мен шетел азаматтары үшін қызметтер көрсетеді.