Багдад, 18 октября 2026 года – В ходе 52-й сессии Совета министров иностранных дел Организации исламского сотрудничества (СМИД ОИС), состоявшейся в столице Республики Ирак, представитель Республики Казахстан, Посол Багдат Амреев, единогласно избран на должность Заместителя Генерального секретаря ОИС по административным и финансовым вопросам. В рамках заседания Посол Б. Амреев также принял присягу, официально вступив в должность.
Избрание казахстанского представителя на одну из руководящих должностей в Генеральном секретариате ОИС, второй по численности государств-членов межправительственной организации после ООН, свидетельствует о высоком уровне доверия государств-членов Организации к Казахстану и признании его вклада в укрепление многостороннего сотрудничества. Данное решение будет способствовать дальнейшему развитию взаимодействия Казахстана с ОИС и продвижению совместных инициатив в интересах государств-членов Организации.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты ҚР Конституциясы мен «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңның қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі аудионұсқаларын әзірледі.
Аталған бастама құқықтық ақпараттың қолжетімділігін арттыруға, азаматтардың құқықтық мәдениетін дамытуға және инклюзивті ақпараттық орта қалыптастыруға бағытталған.
🎧 Аудиоматериалдармен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының ресми сайтында танысуға болады:
https://www.gov.kz/org/ksrk/press/article/details/247111?lang=kk
2 қазанда Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы Ливанның
Экономика және сауда министрі Амер Бисатпен кездесті. Әңгіме барысында
тараптар Қазақстан мен Ливан арасындағы сауда-экономикалық және
инвестициялық байланыстарды жандандыру, сондай-ақ екі елдің іскер
топтары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.
Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдері, азық-түлік қауіпсіздігі, туризм және
логистика салаларындағы ықтимал ынтымақтастық бағыттарын да
қарастырды. Кездесу қорытындысында Қазақстан мен Ливан арасындағы
экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында жұмыс байланыстарын
жалғастыруға уағдаласты.
21 қыркүйекте Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы Азаматтарды тәрбиелеу және мемлекеттерді дамыту жөніндегі араб қауымдастығының президенті Ахмад Абдулла Әл-Шауишпен кездесті. Әңгіме барысында Қазақстанның Ливанмен және өзге де араб елдерімен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту мүмкіндіктері талқыланды.
Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастық пен жастар арасындағы байланыстарды дамытуға, бір-бірінің тарихы мен мәдениетін танып-білуге, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар арасындағы байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударды. Елші мәдениет пен білім саласындағы ақпарат және тәжірибемен алмасулардың халықтарды жақындастырудағы маңызын атап өтті. Аталған мақсатта жақын келешекте осы араб елінде Қазақстанның мәдени орталығын ашу жайлы ливандық өкілдің ұсынысы қарастырылуда
Қазақстанның Ливандағы Елшілігінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған Құрылтай депутаттарын сайлау қорытындылары бойынша брифинг өтті. Елші Расул Жұмалы қатысушыларды дауыс беру нәтижелерімен таныстырып, елде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен жаңа бір палаталы Парламентке көшу аясындағы сайлаудың маңызын түсіндірді.
Іс-шара барысында Қазақстанға арнайы барып, сайлау үдерісін бақылаған ливандық National Broadcasting Network (NBN) телеарнасының бас редакторы Али Нуреддин де өз әсерімен бөлісті. Ол сайлаудың жоғары ұйымдастырушылық деңгейін, дауыс беру үдерісінің ашықтығын және қазақстандық қоғамның жасампаз ой-өрісін ерекше атап өтті.
Негізгі жарияланымдар мен қайта басылған материалдар:
19 тамызда Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы осы елдің Сыртқы істер және эмигранттар министрлігінде Экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры Рана Муқаддаммен кездесті. Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Ливан арасындағы саяси диалогты жандандыру, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және іскерлік байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Атап көрсеткенде екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, Қазақстан мен Ливан іскер топтарының байланыстарын кеңейтуге және өзара мүдделі салалар бойынша практикалық ынтымақтастықты ілгерілетуге ерекше назар аударылды.
17 тамызда Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы осы елдің Сыртқы істер министрлігінде Халықаралық ұйымдар департаментінің директоры Салим Баддурамен кездесті. Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Ливан арасындағы көпжақты форматтағы өзара бастамаларын қолдау, сондай-ақ халықаралық алаңдардағы ынтымақтастықты алдағы кезеңде тереңдету мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ тараптар екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы диалогты нығайтуға, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға және өзара мүдделі бағыттар бойынша үйлестіруді жалғастыруға ерекше назар аударды.
Құрметті отандастар!
Сіздерді 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының Парламенті – Құрылтай сайлауына қатысуға шақырамыз (7.00-20.00 аралығында). Сайлау 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдумда жаңа Конституцияның қабылдануына және 1995 жылғы Конституцияға сәйкес құрылған Парламенттің өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты өткізіледі.
Негізгі өзгеріс Сенат пен Мәжілістен тұрған Парламенттен бірыңғай бір палаталы заң шығарушы органға көшуде болып отыр. Құрылтай бес жылдық мерзімге партиялық тізімдер негізінде сайланатын 145 депутаттан тұрады. Бұл модель заң шығару үдерісін жеделдетуге, депутаттардың жауапкершілігін арттыруға және партиялар арасындағы бәсекелестікті күшейтуге бағытталған.
«Құрылтай» атауы қазақ халқы үшін терең тарихи мәнге ие. Ғасырлар бойы Құрылтай мемлекет тағдырына қатысты тағдырлы шешімдер қабылданатын жалпыхалықтық жиын болған. Парламенттің жаңа атауы Қазақ мемлекеттілігінің сабақтастығын, Ұлы Дала тарихи мұрасына құрметті және мемлекеттік шешімдерді қабылдаудағы халық өкілдігін айқындайды.
Тіркеу талаптары мен заңнама нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жеті саяси партияның партиялық тізімдерін сайлауға қатысуға тіркеді. Сайлау бюллетенінде олар мынадай ретпен орналастырылады: «Әділет» партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП), Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы, Қазақстан Халық партиясы (ҚХП), «Ауыл» партиясы, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы және «Respublica» партиясы. Барлығы партиялық тізімдерге 145 депутаттық мандатқа үміткер 545 кандидат енгізілген.
Алдағы сайлау Қазақстанды жаңғыртудың маңызды кезеңі болып табылады. Реформалардың негізгі мақсаттары – Әділетті Қазақстан қағидаттарын, заң үстемдігін, азаматтардың әл-ауқатын, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нығайту, мемлекеттік институттардың есептілігін арттыру және азаматтардың елді басқару ісіне қатысуын кеңейту.
Біздің мекен-жайымыз: Метн, Бсалим, Эл-Мажзуб-1 көшесі, 52-ғимарат. Сайлауға атсалысу – әрбір азаматтың конституциялық құқығы ғана емес, сонымен бірге еліміздің болашағына қосатын маңызды үлесі.
Саяси партиялардың сайлауалды бағдарламаларымен төмендегі сілтемелерде танысуға болады:
https://adilet-partiyasy.kz/ru/kurultai/program
https://halykpartiyasy.kz/programma
https://salem.su/news/2026/08/05/o-predvybornoj-programme-partii-auyl-na-vyborax-v-kurultaj/
4 тамызда Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы БҰҰ-ның Ливандағы миссиясындағы (UNIFIL) Үндістан бейбітшілікті қолдау батальонының командирі полковник Прасун Сингхпен кездесті. Кездесу осы жылдың шілдесінен бастап Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік күштерінің Үндістан батальонындағы қатысуын қалпына келтіру аясында өтті. П.Сингх отандық бітімгерлердің қызметі туралы ақпарат беріп, оларды жоғары дайындықтан өткен жеке құрам ретінде сипаттады.
Тараптар аймақтағы жалғасып жатқан шиеленісті жағдайды және оның UNIFIL рөліне қатысты мәселелерін талқылады. Аталған миссия мандатының 2026 жылдың соңына дейін аяқталуының және оның қайта құрылымдалуының ықтимал сценарийлері де қарастырылды.
Елші Үндістан тарапына Қазақстаннан жаңадан келген 11 әскери қызметшіні қабылдауда қолдауы үшін алғыс білдіріп, екі елдің бейбітшілікті сақтау саласындағы ынтымақтастығының табысты жалғасуына үміт артты.
Кездесуге Ливандағы Қазақстан Елшілігінің әскери атташесі полковник Арман Дүйсекеев және UNIFIL офицерлері қатысты.
27 шілдеде Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы осы елдің белгілі қоғам қайраткері және «Джамият Әл-Фитр» ұйымының басшысы Салех Халедпен кездесті. Сұхбат барысында өзара байланыстардың бүгінгі жай-күйі мен оларды ілгерілетудің көкжиектері талқыланды. Атап көрсеткенде Қазақстанның Ливанмен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту маңызы, осы мақсатта танымдық форумдар мен бірлескен ақпараттық жобаларды ұйымдастыру мүмкіндіктері сөз етілді. Сондай-ақ екі елдің ортақ мәдени құндылығы болып табылатын Мәмлүктер мұрасын оқып-зерттеу, әсіресе сол замандағы ірі орталық саналған Триполи қаласымен бүгінде жан-жақты қатынастар орнату жолдары қаралды.