
20 маусымда Бейрутта Қазақстан мен Ливан үкіметтері арасында Дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорттар иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім жасалынды. Аталған құжатқа Ливан Сыртқы істер және иммигранттар істері бойынша министрлігінің Бас хатшысы Хани Шмайтилли мен Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы қол қойды. Келісім екі елдің арасында нығайып келе жатқан достық және ынтымақтастықтың кезекті көрсеткіші болып табылады.