Қазақстан азаматтарының назарына

Қазақстан азаматтарының назарына

Қазақстан Елшілігі Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият бақылауды жалғастыруда. Құзырлы мекемелермен тығыз байланыста туындап отырған тәуекелдер үнемі талдануда. Әзірге Ливанның оңтүстігінде күрделі және болжауға қиын жағдай сақталып отыр. Осыған байланысты Елшілік Ливандағы, әсіресе елдің оңтүстігіндегі Қазақстан азаматтарына сақтық шараларын сақтаудың маңыздылығын тағы да ескертеді. Өткір қажеттілік туындаса, Елшілік көмек көрсетеді. Сонымен бірге, жағдай реттелгенше, мүмкіндігінше Ливаннан кете тұрғанды жөн санаймыз.

Елшіліктің байланыс нөмірлері:

Телефон: +961 4 713 447

WhatsApp: +961 71 154 731