
2 қазанда Қазақстанның Елшісі Расул Жұмалы Солтүстік Ливан Іскер топтары қауымдастығының төрағасы Асғад Хариримен кездесті. Сұхбат барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың өзекті мәселелері талқыланды. Ливандық өкіл жергілікті бизнес Қазақстанның әлеуетін назарға ала отырып онымен өзара тиімді ықпалдастықты дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Атап айтқанда, біздің елден бидай, ұн, қант, өсімдік майы, басқа да ауылшаруашылық өнімдерді, күкірт, тыңайтқыштарды импорттауға қазығушылық танытылуда. Өз алдына Ливанның зәйтүн майы, табиғи сабындар мен косметкалық бұйымдар, цитрустар, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығарудағы артықшылықтары қазақстандық импорттың құраушыларына айналуы мүмкін. Тиісті ұмтылыстарды ынталандыруда өзара ақпартпен алмасуды кеңейту, азаматтарға визалық жеңілдіктерді енгізу, тікелей әуе қатынасын орнатудың жолдарын ойластыру сынды қадамдарға басымдық беру қажеттілігі айтылды. А.Харири өзі басшылық еткен Қауымдастықтың ықпалын пайдалана отырып аталған мәселелердің оң шешім табуына септігін тигізетініне уәде берді. Екіжақты ынтымақтастықтың ұтымды тұстарын пысықтау мақсатында жақын арада Елшілік өкілдері Солтүстік Ливанның жетекші кәсіпорындарына арнайы сапармен баратыны келісілді.