Ливан Парламентінде кездесу өтті

Ливан Парламентінде кездесу өтті

24 тамызда Қазақстанның Елшісі Расул Жұмалы Ливан Халық Ассамблеясының мүшелері Нада Аль-Бустани және Симон Аби Рамиямен кездесті. Қос тарап Қазақстан мен Ливан арасындағы байланыстардың зор әлеутке ие екендігін мойындай келе, оны іс жүзіне асыруға бірлесе күш салатынын айтты. Атап айтқанда іскер орталардың арасында тікелей байланыстар орнату, Қазақстаннан Ливанға бидай, өсімдік майы, басқа да ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау, екі ел азаматтарының өзара визасыз қатынауына жол ашу, мәдени және ақпараттық ықпалдастықты кеңейту секілді мәселелер қамтылды. Атап өтерлік жәйт – өткен жылғы шілде айында Ливан Халық Ассамблеясында Қазақстанмен достық тобы құрылған болатын.