Қазақстан мен Ливан арасында визалық жеңілдіктер енгізілмек

Қазақстан мен Ливан арасында визалық жеңілдіктер енгізілмек

20 шілдеде Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы осы елдің Сыртқы істер министрілігінің Бас хатшысы Хани Шмайтиллимен кездесті. Сұхбат барысында екіжақты ықпалдастықтың бүгінгі жай-күйі және алдағы көкжиектері сөз етілді. Биыл Қазақстан мен Ливан арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 толып отыр. Осы мерзімде тындырылған игі істер аз емес. Тиісті үрдіске қосымша серпін беру мақсатында өткен мамыр айында Бейрутта жергілікті іскер топтары үшін Қазақстанға арналаған ауқымды инвеситициялық форум ұйымдастырылды, ал жақын арада екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасында консультациялар өткізу, дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерінің визасыз қатынауы жайлы келісімге қол қою күтілуде. Сонымен қатар Қазақстан мен Ливан арасында сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени ынтымақтастықты ынталандырушы басқа да қадамдар күн тәртібінде тұр.