
9 мамырда Қазақстанның Бейруттағы Елшілігінде салтанатты рәсім болып өтті. Оның барысында Ливанның танымал журналисті әрі қоғамдық қайраткері, “TeleLiban” және “Nursat” телеарналарының жетекші жүргізушісі Джуэйль Азиз ханымға Құрмет хаты тапсырылды. Еліміздің Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы аталған марапат Қазақстан мен Ливан арасында достастық пен ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін беріліп отырғанын атап өтті. Джуэйль Азиз көп жылдардан бері жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан, оның тарихы, мәдениеті, бүгінгі күнде жүргізіп отырған саясаты мен жетістіктеріне арналған көптеген бағдарламалар дайындап шығарған. Асылы, біздің Отанымызға деген қызығушылықты қазірде Джуэйль Азиздің ізімен ливандық басқа да журналистеттер мен қаламгерлер танытып отыр.