25 қаңтарда ҚР Елшісі Расул Жұмалы Ливан Сауда-Өнеркәсіп палатасының басшысы Мұхамед Шуқейрмен кездесті

25 қаңтарда ҚР Елшісі Расул Жұмалы Ливан Сауда-Өнеркәсіп палатасының басшысы Мұхамед Шуқейрмен кездесті

25 қаңтарда Қазақстанның Бейруттағы Елшісі Расул Жұмалы Ливан Сауда-Өнеркәсіп палатасының басшысы Мұхамед Шуқейрмен кездесті. Жергілікті іскерлік қауымдастықта зор ықпалға ие және сырт әлеммен қатынастарда үйлестіруші болып табылатын осы ұйым өкілдері бүгінде Қазақстанға үлкен қызығушылық танытып отыр. Қазіргі әлемде геосаяси және геоэкономикалық тәуекелдер асқынып отырған заманда араб, оның ішінде ливандық бизнес балама әрі сенімді әріптестік көздерін іздестіруде. Аталған мәселе Қазақстан үшін де өзекті. Бұл тұрғыда қос тараптың сан-салалы ықпалдастық құрудағы әлеуетін ескере отырып оны іске асырудың оңтайлы жолдары әңгімеге арқау болды. Атап айтқанда, Қазақстаннан Ливанға ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын ұлғайту, өзара кәсіпкерлік, инвестициялық, туристтік байланыстарды кеңейту, визалық жеңілдіктерді қамтамассыз ету сынды ұсыныстар қаралды. Осы да өзге басымдықтарды пысықтау үшін жақын арада Ливан СӨП аясында арнайы бизнес-форум ұйымдастыру, оның барасында Қазақстан-Ливан іскерлік байланыстарының 2023 жылға Жол картасын қабылдау келісілді.