18 қаңтарда Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы Антура колледжінде қонақ ретінде лекция оқыды

18 қаңтарда Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы Антура колледжінде қонақ ретінде лекция оқыды

18 қаңтарда Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы жергілікіті үздік оқу орындарының бірі - Антура колледжінде қонақ ретінде лекция оқыды. Дәріс барысында Қазақстан, оның тарихы, мәдениеті, туристтік тартымдылығы, Араб әлемімен байланыстары жайлы ақпарат берілді. Сонымен қатар қазіргі заманғы дипломатияның маңызы, тек мемлекеттер ғана емес, өмірде қарапайым адамдардың қарым-қатынасында ашу-ызаны мейірімге, күдікшілдікті түсіністікке жеңгізу турасында ойлар айтылды. Осы ретте шараға қатысқан мамандар мен сарапшылар жас өспірімдерге қоғамда өзін ұстау мәдениетінен бастап әлеуметтік желілерде түрлі тәуекелдерден алшақ тұру, арандату мен алаяқтықтың құрбанына айналмау жолдарына дейін күнделікті өмірде аса пайдалы әрі сақтандырушы мастер-класс жүргізді. Р.Жұмалы тыңдаушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында біздің елмен жақынырақ танысуға ниет білдірген колледждің бір топ шәкірттері Қазақстан Елшілігіне қонаққа шақырылды.