20 қарашада Бейрут қаласында Қазақстанның Ливандағы Елшілігінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті

20 қарашада Бейрут қаласында Қазақстанның Ливандағы Елшілігінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті

20 қарашада Бейрут қаласында Қазақстанның Ливандағы Елшілігінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Шара барысында болу еліндегі Қазақстан азаматтары, олардың ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында бітімгерлік міндетті атқарып жатқан еліміздің бір топ сарбаздары, сондай-ақ дипломатиялық мекеменің қызметкерлері мен отбасы мүшелері өз дауыстарын берді. Бұның алдында Ливандағы Қазақстан азаматтары арнайы тіркеуге алынып, сайлау науқаны жайлы ақпаратпен Елшілілік тарапынан толықтай қамтамассыз етілген болатын. Конституциялық борышты орындау рәсімі белсенді әрі көтеріңкі көңіл күйде өтті. Дауыс берген отандастарымыз Әділетті Қазақстанның болашағына зор үмітпен қарайтынын жайлы пікірлерімен бөлісті.