
8 қарашада Бейруттағы Қазақстан Елшілігінде Ливанның жетекші БАҚ өкілдері үшін кеңейтілген түрде баспасөз-конференциясы өтті. Кездесу барысында Елші Расул Жұмалы Қазақстанда және Орталық Азия мен ТМД кеңістігінде саяси һәм экономикалық ахуал жайлыәңгімеледі. Соңғы жылдары Қазақстанда жүріп жатқан реформалар, оның ішінде жақын күндері өтпек президенттік сайлаулар жайы да қамтылды. Бұл үдеріс әділдікке басымдық берген демократиялық қоғам құрудағы шешуші қадамның бірі болмақ. Жергілікті журналисттер тиісті мәселелер бойынша әжептәуір хабардар екенін байқатты, сол себепті пікір алмасу мейлінше нақты әрі мәнді болды. Әрине, қозғалған тақырыптар ішінде Қазақ елінің Араб әлемімен байланыстары мен олардың көкжиектеріне бөлек тоқталдық. Бұл ретте өзара тиімді ықпалдастықты алға бастыруда БАҚ ерекше маңызға ие екендігі айтыла келе, осындай басқосуларды жиі өткізу келісілді.