
3 қарашада Қазақстанның Бейруттағы Елшілігі ливандық бір топ оқушыларды қабылдады. Шараға жергілікті үздік мектеп шәкірттерімен қатар ұстаздар мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиын барысында жас меймандарға Қазақ елі, оның тарихы мен бүгіні, мәдениеті пен саяхатшылық әлеуеті таныстырылды. Еркін түрде өткен пікір алмасу мен сұрақ-жауап барысында дипломатияның міндеттері және маңызы, Отан сүйгіштік, Қазақстан мен Араб әлемі арасындағы байланыстар жайында түсінік берілді. Сыныптан тыс осындай сабақ шеңберінде көрсетілген бейнефильм және фотоэкспозицияны ливандық жасөспірімдер зор қызығушылықпен тамашалады. Алған әсерлері аясында бірқатар оқушылар келешекте Қазақстанға міндетті түрде баруға деген ниеттерін жеткізді. Елшілікте өткен шара жайлы ақпарат жергілікті баспасөзде көрініс тапты.