Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы Маронит шіркеуінің Патриархы Бешара Бутрос Ар-Раимен кездесті

Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы Маронит шіркеуінің Патриархы Бешара Бутрос Ар-Раимен кездесті

1 қарашада Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы Маронит шіркеуінің Патриархы Бешара Бутрос Ар-Раимен кездесті. Әңгіме барысында Қазақстанда биылғы күздің басында болып өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі туралы ақпарат берілді. Аталған ірі халықаралық шараның қорытынды Декларациясының, сондай-ақ оның шеңберінде жасалған негізгі баяндамалардың мәтіндері тапсырылды. Ливан тарапы Қазақстанның дінаралық және өркениетаралық түсіністікті нығайту бағытында атқарып жатқан іс-әрекеттерін жоғары бағалап сәттілік тіледі. Айта кету керек Съезд жұмысына Бутрос Ар-Раи бастаған ливандық делегация қатысуы жоспарланған еді, алайда ел ішіндегі өткір саяси дағдарыс салдарынан ниет іске аспай қалды. Бұл ретте Ливан марониттерінің басшысы алдағы кезде Қазақстанға арнайы сапармен келіп, өзара ынтымақтастықтың көкжиектерін талқылап, тәжірибемен алмасқысы келетінін жеткізді. Жергілікті қоғамның біршама бөлігін құрайтын марониттер қоғамдық-саяси және мәдени өмірде, білімі беру, ғылым, экономика, бизнес салаларында айтарлықтай ықпалға ие. Сондықтан кездесу барысында аталған салалардағы байланыстар мәселесі де қозғалды.