
10 қыркүйекте Қазақстанның Ливандғы Елшісі Расул Жұмалы осындағы Триполи университетінің 40-жылдық мерейтойына арналған салтанатты рәсімге қатысты. Шараға жергілікті үкіметтің мүшелері, ғылыми орталардың және дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты. Араб әлеміндегі жетекші оқу орындардың бірі зайырлы ілімдермен қатар Ислам діні бойынша замануи байсалды ұстанымды дәріптеумен ерекшеленеді. Атап өтерлігі – Триполи университетінде Қазақстанның бірқатар азаматтары тағлым алуда. Елші Расул Жұмалы оқу орынның басшылығына зор табыс тілей отырып, мерейтой аясында өткен түлектерге диплом тапсыру рәсіміне қатысты.
Өз алдына Бейруттан кейін болу елінің екінші ірі қаласы - Триполидің сан ғасырлық өркениет пен мәдениеттің маңызды ошағы болып табылады. Соның ішінде аталған шахар кезінде Мұсылман үмбетін сыртқы жаудан сақтап қалған және шыққан тегі бүгінгі Қазақ даласы болып табылатын даңқты Мамлүктер тұсында саяси орталықтардың қатарында табылған. Мәселен осындағы аудандардың бірі ұлы жерлесіміз Аз-Захир Байбарыстың құрметіне Аз-Захирия деп аталады.