Цзиндэчжэнь қ., 2026 жылғы 18 қазан – Цзянси өлк. Цзиндэчжэнь қ. 2026 жылғы Қытай халықаралық керамика көрмесінің ашылуы өтті.
Іс-шара аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымының 25 жылдығына арналған «ШЫҰ терезесі» тақырыптық экспозициясы алғаш рет ұйымдастырылды. Жоба ШЫҰ Хатшылығы мен Цзиндэчжэнь қ. Халық үкіметі бірлесіп жүзеге асырды.
Экспозицияда Қазақстан атынан Қарағанды қ. «Guljan’s ceramics workshop» шеберханасының негізін қалаушы, сәндік-қолданбалы өнер шебері Гүлжан Әбдіқашева және Алматы қ. келген керамист, зергер, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі Айнаш Қапанова қатысты.
Шеберлер қазақ халқының дәстүрлері, ою-өрнектері мен мәдени мұрасына негізделген, қолдан жасалған авторлық керамикалық бұйымдарын ұсынды. Олардың жұмыстарында Ұлы дала мен дәстүрлі қазақ өнерінің нақыштары көрініс тапты.
«ШЫҰ терезесі» экспозициясы Қазақстан, Беларусь, Иран, Қытай, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан шеберлерінің жұмыстарын біріктіріп, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық сәндік-қолданбалы өнерін ілгерілету және мәдени алмасу алаңына айналды.
2026 ж. Қытай халықаралық керамика көрмесі 140 мың шаршы метр аумақта өтіп, әлемнің 19 елінен 450-ден астам экспонент пен 800-ден астам шетелдік қонақты біріктіреді.
Бейжің, 2026 жылғы 19 қазан – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев «China State Construction Engineering Corporation International» (CSCEC International) компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы Гао Бомен кездесу өткізді.
Тараптар құрылыс және инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту келешектерін талқылап, Алатау қаласындағы ірі жобаны іске асыру сұрақтарына ерекше назар аударды.
Гао Бо жобалау және дайындық жұмыстарының барысы туралы хабарлап, компанияның қалаларды кешенді дамыту, соның ішінде компанияның қалаларды кешенді дамыту, түрлі инженерлік және көлік инфрақұрылымдарды құру және нысандарды кейіннен басқару жөніндегі тәжірибесін пайдалануға дайын екенін білдірді.
Ш.Нұрышев жобаның стратегиялық маңызын, сондай-ақ жергілікті кәсіпорындар мен мамандарды тартудың, жұмыс орындарын құрудың және қазақстандық кадрларды даярлаудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында компанияның Астана және Алматы қалаларының көлік инфрақұрылымын дамытуға, деректерді өңдеу орталықтарын салуға және Қазақстанда бірлескен энергетикалық жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндіктері де қарастырылды.
ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Қазақстанның қытайлық инвестициялар мен озық технологияларды тартуға мүдделі екенін атап өтіп, ұсынылған бастамаларды қаржыландыруды қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударды.
Тараптар аталған бағыттар бойынша нақты өзара іс-қимылды жалғастыруға өзара мүдделілік білдірді.
Ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі, заңды мекенжайы: Бейжің қ., Санлитунь, Дун 6 Цзе 9— автокөліктерді сату жөніндегі ашық аукцион өткізілетінін хабарлайды.
Аукцион бағаны көтеру әдісімен өткізіледі.
Аукцион 2026 жылғы 21 қазанда сағат 10:00-де мына мекенжайда өтеді: Бейжің қ., Санлитунь, Дун 6 Цзе 9
Сатылатын мүлік туралы мәліметтер
№ 1 лот:
Жеңіл автокөлік
Маркасы мен моделі: «Toyota Camry».
Түсі: ақ.
Шығарылған жылы: 2011 ж.
Жүрілген жолы: 185961 км.
Қозғалтқыш көлемі және отын түрі: 1998 ml / 108 kw см3, бензин.
Жалпы жай-күйі: техникалық тұрғыдан жарамды, қаржылық шығын қажет етеді.
Бастапқы бағасы: 500,00 (бес жүз) АҚШ доллары 00 цент.
Бастапқы бағаның 15%-ы мөлшеріндегі кепілдік жарна: 75 (жетпіс бес) АҚШ доллары 00 цент.
Бастапқы бағаның 5%-ы мөлшеріндегі аукцион қадамы: 25 (жиырма бес) АҚШ доллары 00 цент.
№2 лот:
Жеңіл автокөлік
Маркасы мен моделі: «Toyota Camry».
Түсі: қара.
Шығарылған жылы: 2011 ж.
Жүрілген жолы: 173367 км.
Қозғалтқыш көлемі және отын түрі: 1998 ml / 108 kw см3, бензин.
Жалпы жай-күйі: техникалық тұрғыдан жарамды, қаржылық шығын қажет етеді.
Бастапқы бағасы: 500,00 (бес жүз) АҚШ доллары 00 цент.
Бастапқы бағаның 15%-ы мөлшеріндегі кепілдік жарна: 75,00 (жетпіс бес) АҚШ доллары 00 цент.
Бастапқы бағаның 5%-ы мөлшеріндегі аукцион қадамы: 25,00 (жиырма бес) АҚШ доллары 00 цент.
№3 лот:
Жеңіл автокөлік
Маркасы мен моделі: «Toyota Corolla»
Түсі: сұр
Шығарылған жылы: 2011 ж.
Жүрілген жолы: 185369 км.
Қозғалтқыш көлемі және отын түрі: 1598 ml / 88 kw см3, бензин
Жалпы жай-күйі: техникалық тұрғыдан жарамды, қаржылық шығын қажет етеді
Бастапқы бағасы: 450,00 (төрт жүз елу ) АҚШ доллары 00 цент
Бастапқы бағаның 15%-ы мөлшеріндегі кепілдік жарна: 67,50 (алпыс жеті) АҚШ доллары 50 цент.
Бастапқы бағаның 5%-ы мөлшеріндегі аукцион қадамы: 23,00 (жиырма үш) АҚШ доллары 00 цент.
№4 лот:
Жеңіл автокөлік
Маркасы мен моделі: «Toyota Corolla»
Түсі: ақ
Шығарылған жылы: 2011 ж.
Жүрілген жолы: 162745 км.
Қозғалтқыш көлемі және отын түрі: 1598 ml / 88 kw см3, бензин
Жалпы жай-күйі: техникалық тұрғыдан жарамды, қаржылық шығын қажет етеді
Бастапқы бағасы: 450,00 (төрт жүз елу ) АҚШ доллары 00 цент
Бастапқы бағаның 15%-ы мөлшеріндегі кепілдік жарна: 67,50 (алпыс жеті) АҚШ доллары 50 цент.
Бастапқы бағаның 5%-ы мөлшеріндегі аукцион қадамы: 23,00 (жиырма үш) АҚШ доллары 00 цент.
№5 лот:
Жеңіл автокөлік
Маркасы мен моделі: «Hyundai Sonata»
Түсі: қара
Шығарылған жылы: 2012 ж.
Жүрілген жолы: 178361 км.
Қозғалтқыш көлемі және отын түрі: 1998 ml / 121 kw см3, бензин.
Жалпы жай-күйі: техникалық тұрғыдан жарамды, қаржылық шығын қажет етеді.
Бастапқы бағасы: 500,00 (бес жүз) АҚШ доллары 00 цент.
Бастапқы бағаның 15%-ы мөлшеріндегі кепілдік жарна: 75,00 (жетпіс бес) АҚШ доллары 00 цент.
Бастапқы бағаның 5%-ы мөлшеріндегі аукцион қадамы: 25,00 (жиырма бес) АҚШ доллары 00 цент.
Қатысу шарттары және өтінім беру тәртібі:
Заңды тұлғалар үшін – заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және заңды тұлғаның Қытай Халық Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат.
Кепілдік жарнаны аударуға арналған банк деректемелері:
Алушы: EMBASSY OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
Мекенжайы: 9 SANLITUN DONG LIU JIE, CHAOYANG DISTRICT, BEIJING, CHINA
IBAN (USD): 778350025728
(RMB): 778350020424
Алушының банкі: Bank of China
Swift: BKCH CN BJ
Төлем мақсаты: № (лот нөмірін көрсету) лот бойынша аукционға қатысу үшін кепілдік жарна
Сатып алушының міндеттері және автокөліктерді қабылдап алу тәртібі
Ең жоғары баға ұсынған сатып алушы аукцион аяқталғаннан кейін аукцион қорытындылары туралы хаттамаға дереу қол қоюға міндетті.
Сатып алушы автокөліктің толық құнын, бұрын төленген кепілдік жарнаны шегере отырып, сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде аударуға міндетті.
Меншік құқығын қайта ресімдеуге, салықтарды, әкімшілік алымдарды, кедендік баждарды және автокөлікті сатып алуға байланысты өзге де төлемдерді төлеуге жұмсалатын барлық шығысты сатып алушы толық көлемде өтейді.
Мүлікпен танысу және байланыс деректері:
Автокөліктердің техникалық жай-күйін қарап шығуға, тиісті құжаттармен танысуға және өтінім бланкісін алуға жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін мына мекенжайда болады: Бейжің қ., Санлитунь, Дун 6 Цзе 9
Анықтама телефондары: +86 (010) 653-26-182,653-24-189
Электрондық пошта: pekin@mfa.kz
Бейжің, 2026 жылғы 20 тамыз – Бейжіңдегі Қазақстан мәдениет орталығында «Су: тұрақты даму және су бастамалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары, ғылыми-зерттеу институттары және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.
Іс-шараға ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстанның ШЫҰ Хатшылығы жанындағы Тұрақты өкілдігінің, қазақстандық ғылыми-зерттеу ұйымдарының, сондай-ақ Қытай су ресурстары және гидроэнергетика академиясының, Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының және ҚХР-ның басқа да салалық мекемелерінің өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар алдында сөз сөйлеген Қазақстан Елшісі су тақырыбының өңірлік тұрақтылықты, экономикалық тұрақтылықты және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызы артып келе жатқанын атап өтті. Климаттың өзгеруі және су ресурстарына түсетін жүктеменің артуы жағдайында халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен бірлескен шешімдерді бірге іздестірудің қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Қазақстан мен Қытайдың трансшекаралық су ресурстары саласындағы өзара іс-қимылда тәжірибесі мол екені атап өтілді. Тараптар суды ұтымды пайдалану, су инфрақұрылымын жаңғырту, цифрлық технологияларды енгізу және ғылыми-сараптамалық тәжірибе алмасу саласында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі.
Қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың су саласындағы халықаралық бастамаларына ерекше назар аударды. Атап айтқанда, Қазақстанның су мәселелерін талдау және бірлескен шешімдер әзірлеу үшін тұрақты ғылыми-сараптамалық алаң ретінде ШЫҰ Су проблемаларын зерттеу орталығын құруға, сондай-ақ БҰҰ эгидасымен Халықаралық су ұйымын құру бастамасына қатысты тәсілдері ұсынылды.
Дөңгелек үстел барысында қазақстандық және қытайлық сарапшылар су қауіпсіздігі, су ресурстарын бірлесіп пайдалану және қорғау, климаттың өзгеруінің әсері, Қытайдың өзендер мен көлдерді басқару тәжірибесі, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында өзара іс-қимылды дамыту перспективаларын талқылады.
Қатысушылар Қазақстан мен Қытайдың салалық ғылыми-зерттеу ұйымдары мен сарапшылары арасындағы тікелей байланыстарды кеңейтудің, тәжірибе алмасудың және су саласындағы заманауи ғылыми-технологиялық шешімдерді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің тұрақты дамуы мен су қауіпсіздігі мүддесінде қазақ-қытай сараптамалық диалогын одан әрі дамытуға және практикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілік білдірілді.
Бейжің, 2026 жыл 10 тамыз – Бейжіңдегі Қазақстанның Мәдениет орталығында Абай күніне арналған «Абай – ұлы тұлға» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдарының, ғылыми және академиялық орталарының, жазушылардың, аудармашылардың және мәдениет қайраткерлерінің өкілдерін біріктірді.
Іс-шара Бейжіңдегі ұлы қазақ ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталды.
Дөңгелек үстел жұмысына ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев, ҚХР Сыртқы істер министрлігі мен Мәдениет және туризм министрлігінің өкілдері, белгілі қытай мүсіншісі Юань Сикунь, жазушы және аудармашы Ақбар Мәжит, жазушы және суретші Фэн Ишу, педагог Гүлмира Амандықова сондай-ақ екі елдің жоғары оқу орындарының ғалымдары, сарапшылары мен өкілдері қатысты.
Іс-шара қатысушыларының алдында сөз сөйлеген Қазақстан Елшісі Шахрат Нұрышев Абай мұрасының жалпыадамзаттық маңызын атап өтіп, оның шығармашылығы ұлттық әдебиет шеңберінен асып, әлемдік мәдени мұраның ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтті.
«Қазақстан үшін Абай тек қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы ғана емес. Ол ұлттың рухани кемелденуінің, білімге ұмтылыстың, гуманизмнің, адал еңбектің және әлемге ашықтықтың символы», – деді Елші.
Абай мұрасының қазақ-қытай мәдени-гуманитарлық байланыстарын нығайтудағы рөліне ерекше назар аударылды. Қазақстан Елшілігі Бейжіңде жыл сайын «Абай оқуларын» өткізетіні, бұл екі ел арасындағы мәдени диалогтың жақсы дәстүріне айналғаны атап өтілді. Биыл іс-шара форматы арнайы дөңгелек үстел өткізу арқылы кеңейтілді.
Кездесу барысында қазақ және қытай сарапшылары Абайдың философиялық және әдеби мұрасын, оның адамгершілік кемелдену мен жалпыадамзаттық құндылықтар туралы идеяларын, «Толық адам» тұжырымдамасын, сондай-ақ Абай мен Конфуций мұрасындағы идеялық ұқсастықтарды талқылады.
Абай шығармашылығын Қытайда зерттеу және насихаттауға қытай ғалымдарының, жазушыларының, аудармашыларының және өнер қайраткерлерінің қосқан үлесі бөлек атап өтілді. Олардың көпжылдық еңбегінің арқасында ұлы қазақ ойшылының шығармалары қытай аудиториясы арасында кең таралымға ие болды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар Абай мұрасын одан әрі насихаттаудың, екі елдің ғылыми және мәдени орталары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің және Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Бүгінгі таңда халықаралық қылмыстық топтар жұмыс іздеу үшін цифрлық технологияларды, әлеуметтік желілерді және интернет-платформаларды белсенді қолданады. Жоғары ақы төленетін жұмыс орындарының атын жамылып, адамдарды жаңылыстырады, бас бостандығынан айырады және заңсыз әрекеттерге қатысуға мәжбүрлейді.
Қанаудың бұл түрі трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың ең тез таралатын қауіптерінің біріне айналуда. Адам саудасының құрбандары әр түрлі жастағы, кәсіптегі және білім деңгейіндегі адамдар болуда.
Қазіргі заманғы адам саудасы тек жыныстық қанау немесе мәжбүрлі жұмыс емес. Барған сайын адамдарды алаяқтық, киберқылмыс, заңсыз көші-қон, есірткі саудасы, ұрлық және басқа да қылмыстарға қатысуға мәжбүрлейді.
Сондықтан алдын-алу қылмыстың осы түріне қарсы тұрудың ең тиімді құралдарының бірі болып қала береді.
Адам саудасына қарсы іс – қимыл жөніндегі халықаралық күш-жігерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2026 жылғы 24-30 шілде аралығында «Адам саудасы – ауыр қылмыс!» атты республикалық ақпараттық науқан өткізеді.
Науқанның басты мақсаты – қоғамның назарын ұйымдасқан қылмыстың осы қауіпті түріне аудару, халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, адамдарды тартудың заманауи тәсілдері және зардап шеккендерді мемлекеттік қорғау шаралары туралы айту.
Науқанға мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, полиция бөлімшелері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар қатысады. Апта ішінде бүкіл ел бойынша халықпен кездесулер, құқықтық консультациялар, профилактикалық материалдарды тарату және адам саудасының алдын алуға бағытталған басқа да науқандар өтеді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі азаматтарды жұмысқа орналасу туралы ақпаратты мұқият тексеруге шақырады, әсіресе ол ақпарат шетелде жұмыс істеу туралы болса, құжаттарды бейтаныс адамдарға бермеуге, күмәнді ұсыныстарға келіспеуге және адам саудасының ықтимал жағдайлары туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
Әрбір адам қырағылық таныту, сенімді ақпарат тарату және қиын өмірлік жағдайға тап болғандарды қолдау арқылы бұл қылмыстың алдын алуға үлес қоса алады.
Адам саудасы қазіргі заманның маңызды сын-қатері болып қала береді, алайда мемлекеттің, қоғамның және әрбір азаматтың бірлескен күш-жігерімен адамның қадір-қасиетін, бостандығын және әрбір адамның қауіпсіз өмір сүру құқығын қорғауға болады.
Жыл сайын 30 шілдеде Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні атап өтілетінін айта кету керек.
Биыл ол қанаудың жаңа түрі адам саудасының құрбандарын ең алдымен онлайн-алаяқтық саласында қылмыс жасауға мәжбүрлеу нысанына назар аударуға арналған «Алаяқтық тұзағында» ұранымен өтеді.
Адам саудасы – ауыр қылмыс. Бей-жай қарамаңыз.
Гуанчжоу, 2026 жылғы 2 маусым – Гуандун өлкесінің әкімшілік орталығында Қазақстан Республикасының Гуанчжоу қаласындағы Бас консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев, ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі Лю Бинь, Гуандун өлкесінің Халық үкіметі партиялық тобының мүшесі Чэнь Лянсянь, Гуанчжоу қаласының басшылығы, сондай-ақ Қытайдың мемлекеттік органдары мен іскер топтарының өкілдері қатысты.
Ашылу салтанатындағы сөзінде Ш.Нұрышев бүгінгі таңда Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастардың бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейде екенін және мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухында дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Гуанчжоу қаласында Бас консулдықтың ашылуы өңіраралық өзара іс-қимылдың маңызы артып келе жатқанын көрсетеді және Қазақстанның Қытайдың оңтүстік өңірлерімен ынтымақтастығын кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Елші Гуандун өлкесінің Қытайдың жетекші экономикалық, инновациялық және өнеркәсіптік орталықтарының бірі екенін атап өтіп, оның сауда, инвестициялар, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, электрондық коммерция, логистика, инновациялар және мәдени-гуманитарлық алмасулар салаларында Қазақстанмен өзара іс-қимылды дамыту үшін елеулі әлеуетке ие екенін айтты.
Лю Бинь өз сөзінде Қазақстанның Гуанчжоу қаласындағы Бас консулдығы Қазақстан Республикасының Қытайдағы төртінші консулдық мекемесі екенін және ол Қазақстан мен Қытайдың оңтүстік өңірлері арасындағы байланыстарды одан әрі дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Өз кезегінде, Қытай тарапының жаңа дипломатиялық өкілдіктің қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады.
Гуандун өлкесінің Халық үкіметі партиялық тобының мүшесі Чэнь Лянсянь өз сөзінде Қазақстанның Гуандун өлкесінің Орталық Азиядағы ең ірі сауда әріптесі екенін атап өтті. Сонымен қатар, сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық, білім беру және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың тұрақты өсім көрсетіп отырғанын жеткізді.
Қазақстан Республикасының Гуанчжоу қаласындағы Бас консулдығының ашылуы Қазақстан-Қытай қатынастары тарихындағы маңызды оқиға болды. Жаңа консулдық мекеме саяси диалогты одан әрі нығайтуға, өңіраралық ынтымақтастықты кеңейтуге, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды ілгерілетуге, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды тереңдетуге ықпал ететін болады.
Бейжің, 2026 жылғы 29 мамыр – Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтында (ҚҚҒА РШЕОАИ) Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаларға және қазақ-қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қытайдың сарапшылық және академиялық қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен ҚҚҒА РШЕОАИ-дың қолдауымен ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігімен ұйымдастырылды.
Іс-шараның ашылуында ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Шахрат Нұрышев және ҚҚҒА РШЕОАИ директоры Сунь Чжуанчжи сөз сөйледі.
Елші өз сөзінде қытайлық сарапшыларды елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жаңғыртуға, заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға бағытталған конституциялық реформалар туралы жан-жақты хабардар етті.
Қазақ-қытай мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестігін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Екі ел арасындағы саяси диалогтың, парламентаралық өзара іс-қимылдың, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жоғары қарқыны атап өтілді.
Сонымен қатар, Ш.Нұрышев Ұлы Даланың тарихи және өркениеттік мұрасы мәселелеріне тоқталды. Қазақстан, Алтын Орданың мұрасын қазақ мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығының маңызды негізі, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми және сарапшылық өзара іс-қимылды кеңейтудің перспективалы бағыты ретінде қарастыратыны атап өтілді.
Сунь Чжуанчжи қазақ-қытай қатынастарының дәйекті дамуын және екі ел арасындағы өзара сенімнің жоғары деңгейін атап өтті. Қытайлық сарапшы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығын ерекше атап өтіп, Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Пікір алмасу барысында қытайлық сарапшылар конституциялық реформалардың практикалық аспектілеріне шынайы қызығушылық танытты. Қатысушылар жүргізіліп жатқан реформалардың тереңдігін атап өтіп, Қазақстанның саяси-құқықтық жүйені жаңғырту жөніндегі дәйекті бағытына жоғары баға берді және екі ел арасындағы ғылыми және сарапшылық диалог аясында қазақ тәжірибесін одан әрі зерделеудің маңыздылығын атап өтті.
Дөңгелек үстелдің өткізілуі Қазақстан мен Қытай арасындағы сарапшылық және гуманитарлық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін, сондай-ақ тараптардың екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.
Іс-шараға Қытайдың жетекші талдау және ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері қатысты, оның ішінде ҚҚҒА, Қытай халықаралық мәселелер институты, Қытайдың қазіргі заманғы халықаралық қатынастар институты, ҚХР Мемлекеттік кеңесі жанындағы Даму зерттеулері орталығы, Бейжің шет тілдер университеті, Тяньцзинь шет тілдер университеті, сондай-ақ Қытайдың шет елдермен достық қоғамы мен ҚКП ОК Халықаралық бөлімінің өкілдері.
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен Батыс Қазақстан облысында Еуразиялық индустриялық-логистикалық хабтың іргетасын қалау рәсімі өтті. Жобаның бастамашысы – Eurasia Holding Group құрамына кіретін «Jinone Excellence Investment» ЖШС.
Жоба Орал қаласында 20 гектар аумақта іске асырылады. Инвестициялардың жалпы көлемі 130 млн АҚШ долларын құрайды. Кешен құрамына жылына 30 000 тоннаға дейін өнім шығаратын болат конструкциялары зауыты, жылына 60 000 данаға дейін құрылыс қалыптарын өндіретін зауыт, сондай-ақ жыл сайын 250 000 бухтаға дейін BV типті кабель шығаратын кабель зауыты кіреді. Нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың соңына жоспарланған. Жобаны іске асыру нәтижесінде 510 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Хабтың негізгі элементі қытайлық электрондық коммерция компанияларын, ресейлік трейдерлер мен еуропалық жүк жөнелтушілерді қоса алғанда, үшінші тараптардың жүктерін сақтауға және өңдеуге арналған ашық үлгідегі «А» типті кеден қоймасы болады. Бұл формат өңірдегі тиімді логистиканы қамтамасыз етіп, халықаралық сауданың дамуына серпін береді.
«Менің ойымша, бұл жоба өңір үшін аса қажет әрі стратегиялық маңызы жоғары бастама. Оның әлеуеті өте үлкен. Бұл – тек бастамасы ғана, біз алдағы уақытта да өңірде жаңа жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз. Жоба транзит, сауда, индустрия және логистика салаларының дамуына серпін береді деп сенемін. Бүгінде Қазақстанда 9 мыңнан астам қытайлық компания жұмыс істейді, 250-ден астам бірлескен жоба іске асырылуда», – деді «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұлов.
Жоба Қытайды, Орталық Азияны, Ресейді, Шығыс Еуропа мен Еуропалық одақты байланыстыратын еуразиялық өнеркәсіптік синергия дәлізі үшін негізгі холдингтік платформаны қалыптастыруға бағытталған. Халықаралық көлік бағыттарының тоғысында орналасқан Орал қаласы ЕАЭО елдерінің нарықтарына тікелей шығатын заманауи индустриялық-логистикалық орталық қалыптастыру үшін айтарлықтай әлеуетке ие.
Ақтөбе, 2026 жылғы 25 мамыр - «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағының аумағында Еуразиялық интеграцияланған жасыл мыс өнеркәсібі жобасының іргетасын қалау рәсімі өтіп, құрылыс жұмыстарына ресми түрде бастау берілді. Ауқымды өнеркәсіптік жоба Ақтөбе облысы әкімдігі және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен, қытайлық Beijing Jinyi Yuanfang Holding Group инвестициясы және «Phoenix Industrial Group» ЖШС серіктестігі аясында жүзеге асырылуда.
Іс-шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұлов, Қытай Халық Республикасының Ақтөбедегі Бас консулы Го Юй, Jin Yi Yuan Fang Holding Group бас кеңесшісі Фэнг Сонг, Guda Wire and Cable (Group) Co., Ltd. атқарушы президенті Ли Хаодие, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастықтың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Бұл оқиға Ақтөбе облысы үшін ғана емес, тұтас ел үшін де маңызды кезең саналады. Қазақстан тау-кен металлургиясы саласында толыққанды өндірістік тізбек қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Жылына 25 000 тонна тазартылған мыс катанкасын өндіруге арналған жаңа зауыт еліміздің өңірлерінде жиналған мыс сынығын терең өңдеумен айналысады және Ақтөбені мыс өнеркәсібінің өңірлік хабына айналдыруға мүмкіндік береді.
Ақтөбе облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов өз сөзінде жобаның стратегиялық маңыздылығына тоқталып өтті:
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінде өңдеу өнеркәсібін дамытуға ерекше басымдық берілуде. Осы бағытта өңірге инвестиция тарту, импортқа тәуелділікті төмендету және өндірісті дамыту мақсатында Ә. Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай аумағында жалпы көлемі 858 гектарды құрайтын «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын. Бұл жоба — жыл басында Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапарымыз барысында жүргізілген келіссөздердің нақты нәтижесі әрі аталған арнайы экономикалық аймақта іске асырылатын алғашқы зауыт. Сондықтан бұл бастама өңір экономикасының жаңа өсу нүктесіне айналып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға серпін береді. Біз бұл жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сенім мен тиімді экономикалық ынтымақтастықтың жарқын үлгісіне айналады деп сенеміз», — деді облыс әкімінің орынбасары.
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұловтың айтуынша, бүгінгі күні қытайлық тараптан салынған инвестициялардың жалпы көлемі 25 млрд долларды құрайды, ал елімізде шамамен 250 инвестициялық жоба іске асырудың әртүрлі кезеңінде тұр. Орталық Азияға келетін қытайлық инвестициялардың 60 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі – бұл өте жоғары көрсеткіш. Алдағы 3-5 жыл ішінде жалпы инвестициялар көлемі 100 млрд долларға жетеді деп жоспарлануда.
Жобаның жалпы инвестициялық көлемі шамамен 100 млн АҚШ долларын құрайды. Кәсіпорынды іске қосу 2027 жылға жоспарланған. Жоба аясында 250 тұрақты жұмыс орны ашылады. Өндірілетін өнім - мыс катанкасы мен кабельдік бұйымдар. Дайын өнім ішкі нарыққа да, Еуразиялық экономикалық одақ және Еуропа Одағы елдерінің нарықтарына да экспортталатын болады.
Жоба мемлекеттің индустрияландыру және экономиканы әртараптандыру саясатына толық сәйкес келеді. Өндірісті «Ақтөбе» АЭА аумағында орналастыру инвесторға жеңілдетілген салықтық және кедендік режимдерді, сондай-ақ дамыған көлік-логистикалық инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Шикізат ретінде мыс сынығын пайдалану «жасыл» металлургия қағидаттарына сай келіп, саланың көміртек ізін азайтуға ықпал етеді.
Жобаны іске асыру өндірісті локализациялау деңгейін арттыруға, елдің экспорттық әлеуетін күшейтуге, Ақтөбе облысының өнеркәсіп секторына қосымша тікелей шетелдік инвестициялар тартуға және жоғары қосылған құнға ие жаңа өндірістік тізбектер қалыптастыруға мүмкіндік береді.
АНЫҚТАМАЛЫҚ АҚПАРАТ
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ - Қазақстанға инвестиция тартуға жауапты ұлттық компания. Компания жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде, жобаалды дайындықтан бастап операциялық қызметке дейін, шетелдік және отандық инвесторларға кешенді қолдау көрсетеді.
Beijing Jinyi Yuanfang Holding Group - металлургия саласындағы халықаралық өнеркәсіптік жобаларды іске асыруға маманданған қытайлық инвестициялық холдинг.