
Бейжің, 2024 жылғы 11 қазан – Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев «Huadian Overseas Investment» компаниясының Директорлар кеңесінің Төрағасы Цю Тяньгэнмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері саласындағы инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру, сондай-ақ компанияның ҚР Маңғыстау облысында қуаты 160 МВт бу-газ қондырғысын салу жөніндегі жобаға қатысуы мәселелерін талқылады.
Ш. Нұрышев сұхбаттасушыны ҚР Үкіметінің Қазақстандағы электр қуатын одан әрі жаңғырту және қуаттарын ұлғайту бойынша жүргізіп жатқан шаралары туралы хабардар етті. Осы салаға алдыңғы қатарын шетелдік, соның ішінде қытайлық компанияларды тартудың маңыздылығын атап өтіп, компания пысықтап жатқан ҚР-дағы инвестициялық жобаларға қолдау білдірді.
Сонымен қатар, қазақ дипломаты биылғы шілдеде Қытай көшбасшысының елімізге мемлекеттік сапары барысында ҚР Президенті Қ.Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин арасында қол жеткізілген энергетика саласындағы ынтымақтастықты арттыру туралы уағдаластықтарды іс жүзінде іске асырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Өз тарапынан Цюй Тяньгэнь Елшіні Қазақстандағы «Huadian Overseas Investment» қызметі туралы егжей-тегжейлі хабардар етті, сондай-ақ компанияның энергетика саласындағы бірқатар перспективті жобалары бойынша қазақстандық тараппен ынтымақтастыққа мүдделілігін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын айқындау бойынша және бірлескен Қазақстан-Қытай жобаларын одан әрі іске асыру мақсатында жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.
«China Huadian Corporation» (CHD) — энергетикасы, электр және жылу энергиясын өндіру және жеткізу саласында жұмыс істейтін қытай мемлекеттік корпорациясы. Компанияның электр энергиясын өндірудің белгіленген қуаты 219 ГВт құрайды, оның ішінде белгіленген таза энергияның үлесі - 52,4%. Компанияның 2024 ж. қыркүйектегі операциялық кірісі шамамен 46 млрд. долл. құрайды, ал компанияның жалпы активтері - 138 млрд.долл. құрайды. Корпорация 13 жыл қатарынан «Fortune Global 500» (2024 ж. 336-шы) және «China National Top 500» (2024 жылы 85-ші) ірі қытайлық кәсіпорындар тізімдеріне кіреді.