
Бейжің, 2024 жылғы 10 қазан – ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Қуаныш Амантай «Henan Investment Group» компаниялар тобының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ҚР-да энергетика, қаржы, инфрақұрылым және ауыл шаруашылығы салалардағы бірлескен жобаларды іске асыру сұрақтары талқыланды.
«Henan Investment Group» басшылығы компания қызметінің негізгі салаларымен таныстырып, ҚР аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары туралы хабардар етті, сондай-ақ талқыланған бағыттар бойынша одан әрі тығыз өзара іс-қимылға үміт білдірді.
Өз кезегінде Қ.Амантай сұхбаттасушыларды инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту бойынша Қазақстан Үкіметінің қабылдаған шараларымен егжей-тегжейлі таныстырды. Тараптар ҚР-да қалдықтарды қайта өңдеу, көлік және логистика, сондай-ақ өнеркәсіптік инфрақұрылым салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экономиканың түрлі салаларындағы перспективалық инвестициялық жобаларды одан әрі зерделеу мақсатында жұмыс байланыстарын жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді, сондай-ақ компания басшылығының жақын арада ҚР-ға сапарын ұйымдастыруды ұсынды.
«Henan Investment Group» корпорациясы 1992 ж. құрылған. Корпорация қаржы, энергетика, логистика, инфрақұрылым және т.б. салалардағы инвестициялық қызметпен айналысады.
«Henan Investment Group»-тың 2023 ж. операциялық кірісі 70,6 млрд. долл., ал таза пайдасы – 4,2 млрд. долл. қүрады. Корпорацияның жалпы активтері 494 млрд. долл. асады, осыған байланысты ол Хэнань өлкесінің ең ірі компаниясы болып табылады.