Бейжің, 2024 жылғы 19 қыркүйек – Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі Лю Биньмен (министрдің орынбасары деңгейінде) кездесті.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың екіжақты мәселелерінің кең ауқымын, сондай-ақ ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің биылғы жылғы шілдеде Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қос мемлекет басшыларының қол жеткізген уағдаластықтарының іске асырылу барысын талқылады. Алдағы іс-шаралар кестесі бойынша пікір алмасты.
Ш.Нұрышев мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайту тұрғысынан екіжақты ынтымақтастықтың жоғары динамикасын атап өтті. ҚР- ҚХР Ынтымақтастық жөніндегі комитет қызметінің осы үдерістегі маңызды рөлін атап өтті.
Лю Бинь екі мемлекет басшыларының стратегиялық басшылығымен қазақ-қытай қатынастары жаңа «алтын 30 жылдықта» табысты дамып келе жатқанын атап өтті.
Қос мемлекет басшыларының уағдаластықтарын тиімді іске асыру және практикалық ынтымақтастықты тереңдету үшін Қазақстанмен тығыз ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
Кездесу соңында тараптар БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және «Орталық Азия – Қытай» форматы сияқты көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды қоса алғанда, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.