Бейжіңде қазақстандық студенттердің «Құрылтайы» өтті

Бейжіңде қазақстандық студенттердің «Құрылтайы» өтті

Бейжің, 2024 жылғы 16 қыркүйек – Қытайдағы қазақ студенттері қауымдастығы (KSAC) ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен қазақстандық студенттердің коронавирус індетінен кейінгі алғашқы Құрылтайын ұйымдастырды. Іс-шараға Бейжің қ. жоғары оқу орындарында оқитын 100-ден астам студент қатысты.

Іс-шарада студенттер консулдық есепке қою ережелерімен танысты, студенттердің болу елінің заңдары мен университеттердің ішкі ережелерін сақтауына ерекше назар аударылды. Қазақ студенттік қауымдастығына еліміздегі 2024 ж. 6 қазанға жоспарланған Республикалық референдум, сондай-ақ Қытай аумағында жұмыс істеп тұрған сайлау учаскелері туралы ақпарат берілді.