
Бейжің, 2024 ж. 19 маусым – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев «Sinopec Engineering Group» Бас директоры Чжан Синьминмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ҚР-ҚХР арасындағы мұнай-газ өндіру және өңдеу, мұнайхимия салаларындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы, сондай-ақ қытай тарапының Қазақстан аумағындағы асырылып және жоспарланып отырған жобаларының жүзеге асырылу барысы талқыланды.
Сонымен қатар, тараптар Қазақстандағы шикізатті өңдеу саласындағы жаңа жобаларды игеруге қатысты ынтымақтастық перспективалары жөнінде пікір алмасты.
«Sinopec Engineering Group» - «Sinopec Group» компаниясының инжиниринг бөлімшесі, мұнайды өңдеу және мұнайхимия нысындарын жобалау және құрылыс саласындағы халықаралық жетекші компаниялардың бірі. 2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қытайда 30 мыңнан астам жоба және шетелде 200 ден астам жобаны іске асырған. 2011-2017 жж. Қазақстанда Атырау мұнай өңдеу зауытының мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысына консорциум құрамында қатысып, осы жоба үшін «шетелде жоғарғы технологиялық кәсіпорын құрылысы» санатында Қытайдың беделді «Лу Бань» марапатына ие болды.