
Бейжің, 2023 жылғы 17-23 желтоқсан – Шекара ауданында әскери саладағы сенімділікті нығайту туралы 1996 жылғы 26 сәуірдегі келісімді (Шанхай қ.) және Шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы 1997 жылғы 24 сәуірдегі келісімді (Мәскеу қ.) орындау бойынша Бірлескен бақылау тобының 45-ші сессиясы өтті.
Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының ШЫҰ Хатшылығы жанындағы Тұрақты өкілі Нұрлан Аққошқаров басқарды.
Сессия барысында Бірлескен тараптың (Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан) және қытай тарапының делегациялары екі пленарлық отырыс, дипломатиялық және әскери сарапшылардың екі кездесуін өткізді, олардың қорытындысы бойынша жоғарыда аталған Шанхай және Мәскеу келісімдерін іске асыру мәселелері бойынша сенімді пікір алмасу өтті, сессия хаттамасына қол қойылды және 2024 жылға арналған инспекциялық қызмет жоспары бекітілді.
Қазақстан Бірлескен тараптың төрағасы ретінде Бірлескен бақылау тобының кезекті 46-шы сессиясын 2024 жылғы мамыр айында өткізеді.