
2023 жылғы 25 қараша Бейжің қ. - Қазақстанның мәдениет күндері аясында Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен «Цифрлық адамдар» - Қазақстан мен Қытай жастарының достығы» атты цифрлық жобасын іске қосу рәсімі өтті.
Тұсау кесер рәсімінде ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі А.Шалқарбаев, Бейжің ғылым және технологиялар жөніндегі муниципалдық Комиссиясының басшысы – «Zhongguancun» ғылыми-техникалық паркін басқару комитетінің партия хатшысы – Чжан Цзихун, ҚХР-дың Шет тілдеріндегі әдебиеттерді басып шығару және тарату істері жөніндегі басқармасының басшысының орынбасары – Лу Цайжун, сондай-ақ Бүкілқытайлық жастар қауымдастығының Төраға орынбасары – Қытай жастарының халықаралық алмасу орталығының директоры – Цзя Тесун сөз сөйледі.
Мерекелік іс-шараға 200-ден астам адам, атап айтқанда Бейжіңінің ғылым және технологиялар жөніндегі муниципалдық комиссиясы мен ҚХР-дың Шет тілдеріндегі әдебиеттерді басып шығару және тарату жөніндегі басқармасының өкілдері, Бүкілқытайлық жастар қауымдастығының және - Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығы «KSAC»-тың басшылары мен студенттері, сондай-ақ туристік компаниялар мен БАҚ өкілдері қатысты.
ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігі мен қытайлық «Zhongguancun» компаниясымен бірлесіп өндірген «Саған ұқсаймын» атты дебюттік цифрлық бейнеролик жобасының басты мақсаты - әртүрлі елдерде өмір сүріп жатқан армандары мен ұмтылыстары ұқсас қазақ және қытай жастарының бейнелерін цифрлық форматта көрсету болды.
Бұл ролик сондай-ақ екі елдің өскелең ұрпақтарының ғылыми-технологиялық саладағы «мәдени алмасуының жаңа жолын» бейнелейді. Жастардың өмірлік сәтсіздіктер алдындағы қайтпас қайсарлықтары және сенімді ұстанымдары көрсетіледі.
Іс-шарада Қытай тарапының шақыруымен «Қазақконцерт» әртістері де өнер көрсетіп, көрермендерді қазақтың ән-күйлерімен тамсандырды. Сонымен қатар, еліміздің туристік әлеуетінің фотокөрмесі ұймдастырылып, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.