
2023 жылғы 4 қараша, Бейжің қ. – 2023 жылғы 4 қарашада Бейжіңде білім алып жатқан қазақстандық студенттер Алашорданың қайраткерлерін еске алып, тарихи мұраларымен танысты.
Елшіліктің кеңесшісі Ә.Аймаханов ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласымен таныстырып, Алашорданың еңбектері мен тарихын қысқаша түсіндіріп өтті.
Іс-шараның шеңберінде Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ұсынған «Аманат» фильмі көрсетіліп, студенттер Алаштың арыстары А.Байтұрсыновтың, С.Торайғыровтың және М.Жұмабаевтың өлеңдерін оқып, домбырамен күй тартты.