
2023 жылғы 23 қазан, Бейжің қ. – 2023 ж. 11-20 қазан аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Фараб» би ансамблі Қытайдың Бейжің және Чуанчжоу қалаларында өткен 12-ші Қытай халықаралық өнер фестиваліне қатысып, қытайлық көрермендерді тамсандырды.
Аталған халықаралық өнер фестивалі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 10 жылдығының шеңберінде ұйымдастырылып, оған Қазақстанмен қатар АҚШ, Еуропа, Африка және Азия елдерінен іріктеуден өткен 13 мемлекет қатысты.