
Фучжоу, 2023 ж. 27 қыркүйек – ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Асқар Шалқарбаев «Бір белдеу, бір жол» 10-шы Халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанатына қатысып, сөз сөйледі.
Қазақстандық дипломат өз сөзінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин «Бір белдеу, бір жол» бастамасын алғаш рет Қазақстанда 2013 жылы жариялағанын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан мен Қытай арасындағы достықтың символы Б.Байқадамов пен Сянь Синхай екі композитордың арасындағы достық туралы «Композитор» деген бірлескен кинематографиялық жобасы болғанын айқындап, А.Шалқарбаев кинематография саласындағы бірлескен қазақстан-қытай жобаларын одан әрі іске асыруға үміт білдірді.
Биылғы жылы кинофестиваль «Әлемнің күшін жинап, Жібек жолының тарихын айтып береміз» ұранымен өтті. Іс-шараға әлемнің 40 елінен 400-ден астам қонақ қатысты.
Келесі кинофестиваль Сиань қ. Шэньси өлк. 2024 ж. жоспарланған.