ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Қытайға жұмыс сапарымен барды

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Қытайға  жұмыс сапарымен барды

Бейжің қ., 2023 ж. 21-27 қыркүйек – ҚР Көлік министрі М.Қарабаев Қытайға жұмыс сапарымен барып, Қытай мемлекеттік органдарымен және көлік пен логистика саласындағы кәсіпорындарымен бірқатар кездесулер өткізді.

Сапар аясында М.Қарабаев Бейжің қ. «Тұрақты көліктің жаһандық форумына» қатысты, сондай-ақ Қытайдың Көлік министрі Ли Сяопэнмен келіссөздер жүргізді.

Ведомство басшылары көлік-логистика, автожол және авиация салаларын дамыту мәселелерін және Қазақстанның транзиттік әлеуетін талқылап, одан әрі ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын айқындады. ҚР мен ҚХР арасындағы 3-ші теміржол өткізу бекетін салу жөніндегі жобаны ілгерілетуге, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, ҚХР Коммерция министрінің орынбасары Лин Цзимен кездесу өткізіп, тараптар автожол жобаларын іске асыруға назар аударды.

Сонымен қатар, ҚР Көлік министрі ҚХР-дың Шығыс өлкелеріне барып, Циндао және Ляньюньган порт қалаларының әкімшіліктерімен, көлік-логистикалық кәсіпорындарымен, көлік порт инфрақұрылымын салу және дамытумен айналысатын компаниялардың басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді.