Елші Шахрат Нұрышев алғашқы қазақстан-қытай «Композитор» фильмінің бас продюсерімен кездесті

Елші Шахрат Нұрышев алғашқы қазақстан-қытай «Композитор» фильмінің бас продюсерімен кездесті

Бейжің, 2023 жылғы 13 маусым – Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев «Shine Work Media» және «Shine Work Pictures» компанияларының негізін қалаушы, алғашқы қазақстан-қытай «Композитор» фильмінің бас продюсері Джонатан Шэньмен кездесті.

Кездесу барысында сұхбаттасушылар киноиндустрия саласындағы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағы туралы терең пікір алмасты.

Қорытындысы бойынша тараптар өзара ықпалдасудың перспективалық бағыттарын айқындау және қазақстан-қытай бірлескен жобаларын одан әрі іске асыру мақсатында жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.