
Бейжің, 2022 жылғы 3 қараша – Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев атақты пианист Клаудия Янмен кездесу өткізді. Оның барысында сұхбаттасушылар мәдениет пен өнер саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағы туралы пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын айқындау және бірлескен жобаларын одан әрі іске асыру мақсатында жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.