Бейжіңде Қазақстан-Қытай индустриялық жобаларын жүзеге асыру барысы талқыланды

Бейжіңде Қазақстан-Қытай индустриялық жобаларын жүзеге асыру барысы талқыланды

Бейжің, 2022 жылғы 18 тамыз - Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев Қытайдың шетелдегі кәсіпорындар қызметін дамыту және жоспарлау қауымдастығының Президенті Хэ Чжэнвэймен және «China Civil Engineering Construction Corporation» компаниясының Вице-президенті Гуань Цзясинмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық аясында іске асырылатын 52 бірлескен Қазақстан-Қытай жобаларының ағымдағы жағдайы мен одан әрі дамуын талқылады.

Ш.Нұрышев Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық өзгерістер аясында инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту бойынша ҚР Үкіметі қабылдап жатқан шаралармен егжей-тегжейлі таныстырды.

«China Civil Engineering Construction Corporation» Вице-президенті инфрақұрылымдық жобалар құрылысы саласында, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібі, сумен жабдықтау, ауыл шаруашылығын суару, медициналық қызмет көрсету, қоршаған ортаны қорғау және жаңа энергетика сияқты салаларда қазақстандық тараппен ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын белгілеу және бірлескен Қазақстан-Қытай жобаларын одан әрі іске асыру мақсатында жұмыс байланыстарын жалғастыруға уағдаласты.

Қытайдың шетелдегі кәсіпорындар қызметін дамыту және жоспарлау қауымдастығы (CODA) – ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитетінің тікелей басқаруындағы коммерциялық емес қоғамдық ұйым. CODA қытайлық бизнеске шетелде бизнесті инвестициялауға және дамытуға қолғабыс көрсетеді.

«China Civil Engineering Group Co., Ltd.» - Қытайдағы инженерлік келісімшарттардың халықаралық нарығына шыққан алғашқы төрт сыртқы экономикалық компаниялардың бірі. «China Civil Engineering Group Co., Ltd.» 2017 ж. бастап Қазақстанда бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда.