Бейжіңде Қазақстан-Қытай инвестициялық жобаларын іске асыру барысы қаралды

Бейжіңде Қазақстан-Қытай инвестициялық жобаларын іске асыру барысы қаралды

Бейжің, 2022 жылғы 2 маусым - Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев «CITIC Construction Co., Ltd.» компаниясының Бірінші вице-президенті Ян Цзяньцянмен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстандағы бірлескен автожол жобаларын іске асыру мерзімдерінің созылуына байланысты мәселелер талқыланды.

Қытайлық тарап Елшіге ҚР-дағы автожолдар құрылысының қазіргі жағдайы мен перспективалары туралы хабардар етіп, мәселені одан әрі өзара ілгерілеуге үміт білдірді.

Өз кезегінде, Елші іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың барысын жеделдету қажеттігіне назар аударды.

Сонымен қатар, Қазақстанда ірі индустриялық нысандар салу және Қытайға экспортталатын қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобаларын іске асыру бойынша инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктері туралы терең пікір алмасылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар салынып жатқан объектілерді іске асыруды жеделдету, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларындағы перспективалық инвестициялық жобаларды зерделеу мақсатында жұмыс байланыстарын жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

 «CITIC Construction Co., Ltd.» компаниясы 2002 ж. қараша айында құрылды және Қытайдың ең ірі мемлекеттік қаржы «CITIC Group»  корпорациясының еншілес компаниясы болып табылады. Компания 250 үздік халықаралық мердігер Engineering News-Record (ENR) құрамына кіреді. Негізінен жол құрылысы мен жөндеуге маманданған. Қазақстанда компания Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында автомобиль жолдарының құрылысын жүргізуде.