
Бейжің, 2022 жылғы 31 мамыр - ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Лэ Юйчэнмен қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында, Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР СІМ Еуропа және Орталық Азия елдері департаментінің директоры Лю Биньмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар түрлі салалардағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелерінің толық кешенін талқылады, сондай-ақ оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
Қазақстанның Елшісі адами алмасу, жолаушылар әуе қатынастарын қалпына келтіру және екі ел азаматтарына виза рәсімдеу арқылы саяси,
сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды арттырудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Сонымен бірге, сұхбаттасушылар ағымдағы жылы жоғары және жоғарғы деңгейдегі екіжақты байланыстарды ұйымдастыруға, сондай-ақ екі елдің көпжақты құрылымдар аясындағы өзара әрекеттесуіне қатысты мәселелер бойынша терең пікір алмасты.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты үдемелі дамыту мақсатында Қазақстан Елшілігі мен
ҚХР СІМ Еуропа және Орталық Азия елдері департаменті арасында тұрақты жұмыс байланыстарды сақтауға уағдаласты.