
Бейжің, 2022 жылғы 14 сәуір - Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жұмыс шеңберінде Елшілік «CITIC Construction Co.,Ltd.» компаниясының Вице-президенті Ян Цзяньцянмен және «Xinxing Construction Development Co.,Ltd.» Басшысы Чжан Хунжимен кездесулер өткізді.
Аталған кездесулер барысында Нұр-Сұлтан қ., Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында бірлескен автожол жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, ҚР-дағы ірі индустриялық объектілерді іске асыру саласындағы ықтимал инвестициялық ынтымақтастықтың болашақтары, сондай-ақ қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін одан әрі Қытайға экспорттау бойынша жобалар туралы пікір алмасылды.